ДИКТОР: «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгін Көкшетауда экологиялық акция өтті. Аталған шара аясында «Жасыл Ассамблея» ағаш көшетін отырғызу шарасы ұйымдастырылды. Бұл маңызды шарада этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері табиғатты аялауға үн қосып, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысты.

РКС: Табиғатты көгалдандыру мақсатында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы ғимаратының алаңында 30-дан астам жасыл көшет отырғызылды. Бұл - Ассамблеяның 30 жылдығына арналып отырғызылған символикалық жасыл желек.

 СНХ: МАХМУДЖАН ДАВРАНОВ, «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Таза Қазақстан» акциясын қолдау. Кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев "Таза Қазақстан -таза өмірдің кепілі" деген болатын. Сол себепті осы акцияны ұйымдастырып, 30 көшет отырғыздық.

РКС: Шараның мәдени бөлімі де ерекше болды. Кеш барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АРТЕМ МАЩИНСКИЙ, ЧУВАШ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мұның бәрі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған. Бұл біздің еліміз үшін өте маңызды мереке. Неге десеңіздер, осы 30 жыл ішінде тұрақтылық сақталып келеді. Елімізді мекендеген барлық этностың өмір сүру сапасын жақсарту үшін үлкен жұмыс атқарылды. Барлығымызды осы маңызды күнмен құттықтаймын! Әлемді таза ұстап, достығымыз нығая берсін!

РКС: «Жасыл Ассамблея» жобасы – бірлік пен табиғатқа деген құрметтің айқын көрінісі. «Таза Қазақстан» акциясы қоғамның назарын экологияға аударуға және болашақ ұрпақ үшін тұмса табиғатты дәл осы күйінде қалдыруға бағытталған. Осындай экологиялық акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ