ДИКТОР: Көкшетауда 10-11-ші және 12-ші сынып оқушылары арасында ағылшын, францу және неміс тілдерінен республикалық олимпиада өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 175 оқушы қатысып, білімдерін сарапқа салды.

РКС: Бұл олимпиадаБұл олимпиадаа оқушылар жыл бойы дайындалды. Білім сайысына келгендердің осалы жоқ. Мектеп қабырғасындағы білімін сарапқа салып қана қоймай, сонымен қатар болашаққа жолдама алуға да жетелейді. Бұл – қатысушылардың пікірі.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ ЮГАЙ, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА): Бәрі жоғары деңгейде өтті. Олимпиада барысында аздаған мәселе туындағап қалғанның өзінде, оның бәрі дер кезінде шешіліп отырды. Сондықтан ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіргім келеді. Білім сайысы күрделілігі жағынан келгенде жоғары деңгейде болды, өйткені аты айтып тұр ғой –республикалық. Әр қатысушы өз өңірінің білімін көрсетуге тырысып бақты. Мен де Астана қаласы оқушыларының білім деңгейі қандай екенін дәлелдеу үшін барымды салдым.

РКС: Олимпиада Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінде барлық талаптар сақтала отырып өткізілді. Білім сайысының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына облыс әкімінің орынбасары қатысты. Ол өз сөзінде жастар арасында тіл машығын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Өйткені халықаралық қауымдастықта Қазақстанның кірігуінің бірден-бір факторы.

СНХ: ДОСҰЛАН АЙТБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Олимпиада деген ол балалар үшін үлкен бір белес. Олай дейтін себебім, мен өзім 2000-шы жылдары осындай республикалық олимпиадаға ат салысып қатысқан болатынмын. Орын алмасам да , өзіме үлкен мотивация. Өзімнің де, достарымның да әлі күнге де жүрегімізде, әлі есімізде сақталып қалды. Орын алғандарға айтарым, болашақта үлкен сіздерге жол ашатын белес, сондықтан осындай игі шаралардың басы-қасында болыңыздар. Үнемі белсенді түрде ат салысыңыздар. Сіздердің шет тілін меңгеруге деген құлшыныстарыңыз зор. Осы жолдан таймаңыздар

РКС: Жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ең бастысы сайысқа қатысушылар тәжірибе жинады, жаңа таныстар тапты, өзінің білімі мен ерік-жігеріне деген сенімділік пайда болды. Бүгінде көп тілу білу сән емес. Ол жаңа мүмкіндіктердің белесі. Жаһандық әлемге даңғыл жол ашылады.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ