ДИКТОР: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамды дамытудың қажеттілігіне ерекше назар аударып келеді. Қазақстанда мемлекет пен қоғамның ынтымақтастығы нығайып, ашық диалог, коммерциялық емес ұйымдарды қолдау және дауларды шешудің баламалы әдістерін дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Бүгінде облыста осы бағытта бірлескен жұмыс жүргізетін 637 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

РКС: Ұлттық құрылтай, азаматтық форум және қоғамдық кеңестердің үйлестіру орталығы сияқты тұрақты жұмыс істейтін диалог алаңдарының қызметі ұйымдастырылған. Бұл платформалар қоғам мен билік арасындағы өзара әрекеттесудің нақты құралына айналуда.

СНХ: ДАНИЯРБЕК НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жетілген азаматтық қоғам болу демократиялық мемлекеттің тірегі. Өздеріңізге белгілі тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі уақытта президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төртінші құрылтайда үкіметтік емес ұйымдардың маңыздылығы туралы айтып өткен болатын. Қазіргі уақытта Ақмола облысы бойынша 637 үкіметтік емес ұйымдар тіркелген. Бір айта кетерлігі 2024 жылдың көсеткішіне қарағанда 100 үкіметтік емес ұйымға қазіргі уақытта біз қосылып отырмыз. Негізі үкіметтік ұйымдардың бастапқы негізгі жұмыстарының бірі бұл қоғамға құқықтық сауаттылықтарын үйрету. Сыбайлас жемқорлыққа және де біздің жастарымызда патриоттық тәрбиеге дәріптеудің бірі болып табылады.

РКС: Былтыр коммерциялық емес ұйымдар 36,4 миллиард теңгеге қаржыландырылды. Бұл сома еліміз бойынша 2,5 мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асыруға бағытталды. Сондай-ақ, медиация саласын дамытуға қатысты жол картасы іске асырылуда. Медиаторлар ұйымдарының тізілімі жүргізілуде. Бұл дауларды бейбіт жолмен шешуге және қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

СНХ ДАНИЯРБЕК НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бір айта кететіні, қазіргі таңда біздің облысымызда жане қалалар мен аудандарда 21 қоғамдық кеңестер құрылды. Оларда үкіметтік емес ұйымдардың бірі болып саналад негізі. Былтырғы төтенше жағдай кезінде өздеріңізге белгілі 3 миллионнан астам еріктілеріміз біраз халқымызға қызметін атқарған еді. 120 миллиондай материалдық көмектерді жинады. Қазіргі таңда ол бағытта біз ары қарай жұмысты жасайтын боламыз.

РКС: Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың жемісті ынтымақтастығы прогрестің маңызды факторы және әділ Қазақстанды құрудың қозғаушы күші болады, - дейді мамандар.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ