ДИКТОР: 26 шілдеде Париж қаласында 33-ші жазғы Олимпиада ойындары басталады. Ауқымды спорттық шараны тамашалауға күллі әлем көз тігіп отыр. Оған әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттың 32 түрінен 300-ден астам медаль жиынтығы ойнатылады. Қазір Олимпиада ойындарына лицензия алу үшін спортшылар аянбай тер төгуде. Олардың арасында ақмолалық спортшылар да бар.

РКС: Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына қатысу үшін спорттың 11 түрінен 31 лицензия жеңіп алды. Қалған қатысушылар мамыр-маусым айлары аралығында анықталады. Ақмолалық 5 спортшы олимпиада ойындарына лицензия алудан үмітті еді. Олардың 2-уі үміткерлер тізімінен шығып қалды.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Әлем кубогында 6-шы орын иеленген ауыр атлет Сергей Петрович. Ол әлемдік рейтингте 12-ші орында тұрған спортшы. Бірақ, бұл нәтиженің бәрі лицензия алу жолындағы тартысты жалғастыруға құқық бермейді. Сондай-ақ, Дина Жоламан іріктеу спаррингін өткізіп алып, сәтсіздікке ұшырады. Бокстан әлемдік лицензиялық турнирдің іріктеуіне өте алмады. Иығына жасалған операциясына байланысты ұзақ сауығу қажет болды.

РКС: Бір топ ақмолалық спортшы лицензия ұтып алу жолында тер төгуде. Халықаралық ірі жарысқа қатысуға Аян Бейсенбаев, Ирина Кузнецова пен Андрей Чугайдың мүмкіндігі зор.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Аян Бейсенбаев – триатлоннан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Континентальды рейтинг бойынша лицензияға таласады. Аянның басты міндеті 21-ші сәуірде Жапонияда өтетін Азия чемпионатында және мамырдың 18-і мен 19-ы аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтетін Әлем кубогында табысты өнер көрсету. Қалай болғанда да Гонконгтан келетін негізгі қарсыласына дес бермеу. Ирина Кузнецова әйелдер боксынан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азианың лицензиялық турниріне қатысады. Лицензияға қол жеткізу үшін Ирина бірінші немесе екінші орынды еншілеуі тиіс. Үшінші үміткер Андрей Чугай. Велоспорттан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спринт және кейрин бағыты бойынша сынға түсіп жүр. Әлемдік деңгейде спринттен 37-ші сатыда, ал кейрингте 28-ші орында тұр.

РКС: Қазір тек Карина Ибрагимова да ғана лицензия бар. Ол бокстан еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем чемпионатының күміс және екі дүркін қол жүлдегері. Азия чемпионы. Карина былтыр Азия ойындарының күміс жүлдегері атанып, сол тұста лицензия ұтып алған еді. Олимпиада ойындарының бағдарламасында әйелдер арасында бокстан жарыстар шілденің 27-сі мен тамыздың 10-ы аралығында өтеді. Карина Ибрагимова 57 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі.

СНХ: КАРИНА ИБРАГИМОВА, БОКСТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН СПОРТ ШЕБЕРІ: Қазір жаттықтырушыммен жеке-дара дайындалып жатырмыз. Менің әр қимылымды, тіпті көңі-күйімді кескінімнен бірден біліп қоятын жан десем артық емес. Мамырдың басында стартты өтпекшіміз. Жұдырықтасып көреміз. Өйткені мықты тәжірибе болуы керек.

РКС: Паралимпиадашылар да лицензия ұтып алды. 17-ші Паралимпиада ойындарына 182 мемлекеттен 4400-ге жуық спортшы қатысады. 600-ге жуық медаль сарапқа салынбақ.

СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Парапауэрлифтингтен еңбек сіңірген спорт шебері Давид Дегтярев лицензия ұтып алды. Ол 2020 жылдың Паралимпиада, Пара Азия ойындарының чемпионы. Еркін Ғаббасов та 2 лицензияға қол жеткізді. Оқ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Жүзуден Әмір Мұратбеков те Паралимпиада ойындарына қатысуға үміткер. астер Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берлинде өтетін Әлем кубогының кезеңіне лицензия ұтып алу үшін іріктеуге қатысады.

РКС: Биыл Олимпиада ойындарының өткізілгеніне 100 жыл толып отыр. 1924 жылы Парижде өткен екен. Сонымен бірге Францияда Олимпиада ойындары алтыншы рет жалауын көтермек.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ