ДИКТОР: Облыстық мәслихатта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ветеринария саласындағы түйткілді мәселелер талқыланды. Онда келесі жылыту маусымына дайындық, электр энергиясы тарифтері, сумен қамтамасыз ету, су тасқынынан кейін мүлікті қалпына келтіру, өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздік, саладағы кадр тапшылығы сынды мәселелер көтерілді.

РКС: 2024-2025 жылдарға жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 15,9 млрд теңге бөлінді. Облыстық әкімшілік жалпы сомасы 2,1 млрд теңге болатын ұзындығы 9,6 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жобасын әзірледі.

СНХ: ДАНИЯР ҚУАНЫШБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Республика бойынша 14 жоба жарияланып, 7,6 млрд теңге қаражат қарастырылған. Оның ішінде Атбасар қаласы бар, Щучье қаласындағы зауыт, жалпы Щучьеде 3 жоба, «Көкшетау жылу» кәсіпорны бар, Ерейментау, Ақкөл аудандарындағы нысандар қарастырылған. Жақсыда жаңа қазандық салу жоспарланған.

РКС: Коммуналдық саладағы негізгі проблеманың бірі кәсіпорындардағы тарифтердің төмендігі, - дейді жиынға қатысушылар. Қолданыстағы тарифтер қызмет көрсету ақысын ақтамайды дейді. Депутаттар бұл мәселені басқа да басқармаларды тарта отырып, жан-жақты қарауды ұсынды. Сонымен қатар жиында облыстағы ветеринариялық саладағы қауіпсіздік сөз болды. Аудандарда бірқатар өзекті мәселелер бар. Олардың қатарында кадр тапшылығы, мал қорымдарының болмауы, су тасқыны кезінде өлген малдың өлекселерін тастайтын орынның жоқтығы.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҮНІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Мал шығыны бар, әсіресе Бұланды ауданындағы 3 ауыл, Есіл ауданында. Қазір санақ жүргізіп жатырмыз. Тауық, үйрек, қояндарды да санап жатырмыз. Оларға өтемақы төлеу үшін. Жалпы ветеринария саласына көп көңіл бөлініп жатыр деп айта алмаймын. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қанша мал суға кетті.Осы салаға көп көңіл бөлінсе дейміз, мал қорымдары жоқ десе де болады.

РКС: Тұрақты комиссияның отырысында көтерілген сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, назарға алынады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ