ДИКТОР: Атбасар арқылы өтетін Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендеді. Шаһарда су басқан жерлерден су сорғыту жұмыстары толығымен атқарылды. Айта кетейік, Атбасар ауданында 170-ке жуық үйді су басқан.

РКС: 13-ші сәуірден 14-ші сәуірге қараған түні Жабай өзеніндегі судың деңгейі 5,45 метрге жетті. Бұл қауіпті шекті мөлшерден 1 метрге артық. Салдарынан өзен бойында тұрған үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың қатарында Ғалия Мұсажанова да бар. Оның үйін осымен 3-ші рет су басқан. Алдағы уақытта жаңа баспана берілсе, көшуге дайын.

СНХ: ҒАЛИЯ МҰСАЖАНОВА, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біз Қайсарин көшесі 28 мекен жайы бойынша тұрдық. Күрт су келіп қалғаннан кейін Төтенше жағдайлар Тараз қаласынан келген жігіттертез-тез шығындар деген соң, біз шығып кеттік. Сол шығып кеткеннен кейін баламның үйінде тұрып жатырмыз. Бүл үй 2014 жылы да суға кеткен, 2017 жылы да суға кеткен. Ол жылдары әлеуметтік көмектер көрсетілді. Сынған заттарымыздың шығын төледі. 2019 жылы екі үй сала бастады ғой. Содан үй береміз деген. Енді соны күтіп отырмыз. Уже қай подьезде, қандай квартика екенін айтқан. Енді сол пәтерді күтіп отырмыз.

РКС: Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов су басып, жарамсыз болып қалған баспана иелеріне жаңа пәтерлер берілетінін жеткізді. Әрқайсысы 100 пәтерлі көпқабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жазда бітеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Атбасар ауданында ахуал тұрақты. Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендеп келеді.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Өткен түнмен салыстырғанда Жабай өзенінің деңгейі 10 сантиметрге төмендеген. Алайда, қуануға әлі ерте. Себебі, күн сайын су деңгейі өзгеріп отыр. Айта кетейік, Атбсар қаласына қарасты 100-ден аса көше бар. Тек соның 19 көшесін су басқан.

СНХ: РУСЛАН БАЗАРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жалпы, осы су тасқыны кезінде Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен 33 мыңнан астам құммен қапшық дайындалған. Осы күнге дейін 470 мың куб су тартылды.

РКС: Осы уақытқа дейін 100-ден астам адам құтқарылды. Оның ішінде 30-ға жуығы бала. Олардың барлығы аудан орталығындағы эвакуациялық пункттерге орналастырылды. Атбасар қаласында 15-тен астам осындай орын бар.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ