ДИКТОР: Топан судан зардап шеккендерге мемлекет тарапынан толық көмек беріледі. Сондықтан, атбасарлықтар қолдаусыз қалмайды. Үкімет су тасқынынан зардап шеккен Атбасар ауданының тұрғындарына қаржылай көмек көрсетуде. Әріптесім Лаура Дәулетбек баяндайды.

РКС: Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, ешкім де қолдаудан тыс қалмайтынын жеткізді.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мен өз басым микрорайон "Лондон","ЖБК" солармен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын өткізіп жатырмын. Мынау ел басының үндеуіне байланысты су тасқынынан зардап шеккендер көмексіз қалмайды. Бәріне де мемлекеттен көмек көрсетіледі дегенді толыққанды халыққа жеткізіп жатырмыз.

РКС: Атбасарда топан судан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі таңда өңір орталығында су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындардың шығыны есептеліп жатыр. Зардап шеккен 100-ден астам отбасы анықталды. Күтпеген апат Жұмат Әбдіқожинның шаңырағының да шырқын бұзған. Алайда, көрсетілетін көмектен тыс қалмайтыны көңіліне медеу.

СНХ: ЖҰМАТ ӘБДІҚОЖИН, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 10-ші сәуір тілсіз жау келіп, біздің үй суға кетті. Содан зардап шектік. Енді құжаттарымды жинап, қағаздарымды өткіздім. Дүйсенбі күні ақша алатын болдық.360 мың береміз деді Үкімет. Сол алғысымды айтқым келеді президент Тоқаевқа мыңда бір рахмет! Осындай көмек көрсетіліп жатыр.

РКС: Өңірде топан судан зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат кешеден беріле бастады.

СНХ: НАДЕЖДА РАЙЛЕ, АТБАСАР АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары төтенше жағдайлар департаменті берген анықтама негізінде әлеуметтік біржолғы төлемді бере бастады. Су тасқынынан зардап шеккен әр отбасыға 369 мың 200 теңге көлемінде қаражат счекттарына жіберілді.

РКС: Комиссия мүшелері су басқан әр аулаға кіріп, қираған баспана мен мал қораларды тізімге енгізіп жүр.

СНХ: БЕРГЕН БЕСПАЛИНОВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылуда. Суды сорғытуға қатысты көмек қажет болған жағдайда, коммуналдық қызмет өкілдерін шақыртып, мотопомпа арқылы ол жұмыс атқарылуда. Жұмыс тоқтаусыз жүріп жатыр.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы тасқыннан кейін қандай жұмыстар істелетінің актілерін істеп жатырмыз. Бірінші мектепті күрделі жөндеуден өткіземіз. Ұзындығы 9 километр саздан жасалған бөгетті ойластырыумыз керек болып тұр. Немесе бетонный забор істейміз ба, соның джа документтерін дайындаумыз керек болып тұр. Екінші мәселе, Самарка ауылында бізде мынау су қоймасы 10 жыл бұрын капитальный ремонттан өтпеген. Соған байланысты биылғы жағдай өте мүшкіл өтіп жатыр. Бірақ, бұған күрделі жөндеу керек.

РКС: Бүгінде тасқын судың қарқыны бәсеңдеп, қауіптің беті қайта бастады. Келесі жылы су тасқынының қаупі алдын-ала ескеріліп, тиісті жұмыстар атқарылмақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ