ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылдың 21-қазанындағы қаулысына сай таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне өзгеріс енгізілді. Бірінші шілдеден бастап барлық дәрілік заттар міндетті таңбалануға жатады. Таңбалау жүйесіне дәрілік заттар айналымының барлық өкілдері енгізілген. Оған денсаулық сақтау нысандары, жеке дәріханалар, көтерме ұйымдар кіреді.

РКС: Дәрі-дәрмектерді таңбалау және оны қадағалау фармакологиялық тиімділікті арттыруға, дәрілік препараттардың сапасын бақылауға, заңсыз айналымға қарсы әрекет етуге, дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап тұтынушыға дейінгі мониторинг жүргізу мақсатында енгізіледі.

СНХ: САЯТ ТОЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Таңбалауды енгізу мақсатында бірінші дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жөніндегі жабдықты, 2D сканерлерін, ұйым деректерін жинауға арналған терминалдар сатып алу қажет. Екіншіден, есепке алу жүйесін медициналық ұйымдарға арналған медициналық ақпараттық жүйемен, бірыңғай фармацевтикалық ақпараттық жүйемен интеграциялау және Қазақтелекоммен байланысты қамтамасыз ету керек. Бұл денсаулықсақтау субъектілерінің барлығына қойылатын талап. ////

РКС: Дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істеу және дәріхана ұйымдарында дәрілік заттарды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Салық кодексінің талаптарына сәйкес бақылау-кассалық машина болуы қажет.

СНХ: БИБІГҮЛ ИМАНҚҰЛОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі таңда атқарушы органдармен бірлесіп медициналық ұйымдар 100 процент жарақтандырылып, таңбалаудың цифрлық кеңістігіне жұмысты енгізуге, дәрілік заттарды қадағалауға дайын болса, бұл жеке дәріханалардың дайын екенін білдірмейді. Таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу кезінде дәріханалардың 2 негізгі функциясы бар екенін еске салғым келеді. Бұл дәрі-дәрмектерді қабылдау және дәрілік заттарды айналымнан шығару.

РКС: Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі әзірленді. Ол 3 ішкі жүйеден тұрады: тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесі, құжаттарды рәсімдеу арқылы таңбаланған тауарлардың қадағалануын қамтамасыз етуге арналған ішкі жүйе және ИСМЕТ. Соңғысында дәрі-дәрмек айналымының барлық қатысушылары бухгалтерлік құжаттармен жұмыс істейді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ