ДИКТОР: Бүгін Жабай өзеніндегі су деңгейі төмендеді. Атбасар қаласында су басқан жерлерден су біртіндеп кетіп жатыр. Ауданда төтенше жағдай жарияланған. Аудан орталығынан бөлек, Покровка, Борисовка, Ақан Құрманов, Тимошовка ауылдарына да су кірген. Барлығы 162 үй суда қалды. Оның 127-сі Атбасар қаласында.

Интершум

Тілші: Кеше Жабай өзенінің су деңгейі 6 метрге жетті. Бұл қауіпті шекті мөлшерден 1 жарым метрге артық. Сондықтан ағын су Атбасар қаласын тасқыннан қорғап тұрған бөгеттен асып кетті. Салдарынан 127 үйді су басты. Олардың қатарында Владимир Романовтың да баспанасы бар.

СНХ: ВЛАДИМИР РОМАНОВ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Уақытында эвакуация жасап үлгердік. Шаруашылықтың заттарында жинап алдық. Әкімдіктен келіп ескерткен болатын. Сондықтан болар дер кезінде әрекет еттік. Мынадай қатты қарқынмен су келетінін кім алдын ала біле алады? Күтпегеніміз анық. Су ағынымен өтеді деп соңына дейн үміттендік. Ешқандай абдырау, абыржу болған жоқ деп айтсам болады. Барлығы уақытында әрекет жасады.

ТІЛШІ: Александр Рулевтың үйін осымен төртінші рет су басып қалған. Ол баспана берілсе, көшуге әзір.

СНХ: АЛЕКСАНДР РУЛЕВ АТБАСАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Үйдің толық кебуіне 5 жыл керек. Қабырғаларға су сіңіп қалды ғой. Ылғал ұзақ сақталып тұрады. Бұл үйде өмір сүру қиын болады. Біз көшуге дайынбыз. Мына жердегі 5 үй жиі суға кетеді, 3-5 жыл сайын.

ТІЛШІ: Су басқан баспаналардан 111 қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 25-і бала. Қалада эвакуациялау орындары әзірленген. Айта кету керек, баспаналарын су басқан тұрғындардың көбі туыстары мен жақындарының үйлеріне орналасқан.

СТЕНД-АП: ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН ТІЛШІ

Менің артымда Атбасар қаласындағы №1 мектеп орналасқан. Білім ошағын су басып қалды. Оқушылар болса, қашықтан білім алу форматына ауыстырылды. Ғимаратқа қарама-қарсы орналасқан облыстық түзеу мектебінің тәрбиеленушілер де қашықтан білім алу форматына ауыстырылды. Мектеп ғимаратын су баспаған, тек жертөлесіне су кірген.

ТІЛШІ: Су тасқынынан зардап шеккендерге мемлекеттен толық көмек көрсетіледі. Президенттің пәрмені осы. Сондықтан атбасарлықтар да қолдаусыз қалмайды. Келесі аптаның соңына кейін зардап шеккендерге жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік қаржылық көмек төленбек. Өтініштерді қабылдау басталып кетті. Суға кеткен үйлердің барлығына сараптама, бағалау жасалады. Сондай-ақ, жаңа баспананың құрылысы аяқталуға жақын.

СНХ: АМАНБЕК ҚАЛЖАНОВ АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2017 жылы 636 үй суға кеткен болатын. Сол 636 үйден 87 үй ғана көшірілмей қалған болатын Жабайдың жағасындағы. Қазіргі таңда 2 үй салынып жатыр, қайтсек те, күзге дейін осы екі үйді бітірсек, жаңағы 87 үйді, қаладағы 127 үйдің 87-сі жабылады. Қалғандарына не қаражатпен көмектесеміз, не сатып алып береміз вторичный рыноктан.

ТІЛШІ: Атбасарға гуманитарлық көмек келіп жатыр. Жамбыл облысынан 42 тонна азық-түлік, киім-кешек жеткізілді. Жергілікті тұрғындар да көмек жинап жатыр. Жалпы өңірдегі ахуал күрделі. Су басу қаупі әлі толық сейілген жоқ. Сондай-ақ, Атбасар қаласынан Көкшетау бағытындағы тас жолдың Максимовка ауылына дейінгі бөлігі жабық. Облыстағы жағдай да қиын. Қазіргі уақытта Атбасардан бөлек, Есіл, Жарқайың аудандарында төтенше жағдай жарияланған.