ДИКТОР: Ұлттық ғылым академиясының алғашқы президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы кең көлемде аталып өтуде. Айтулы датаға орай көкшетаулықтар академиктің рухына бас иіп, ескерткішіне гүл қоюға жиналды.

ИНТЕРШУМ: гүл шоқтарын қою рәсімі

РКС: Академик, геолог және қоғам қайраткері Қаныш Сәтпаев 1899 жылы 12-сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Геология саласына зор үлес қосып, елімізде алғаш рет ғылым академиясын құрған. Жастайынан елге, жер байлығына деген қызығушылығы зор болып, ер жеткенде бала арманын іске асырған. Нәтижесінде үлкен ғалым атанды. Дәл осындай мақтан тұтар тұлғаның еңбек жолы өскелең ұрпаққа үлгі,- дейді шараға жиналғандар.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ҚИЫҚОВ, СӘТПАЕВТАНУШЫ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Сәтпаевтың өмір жолын жастарға айтып, оқытып, тәрбиелеу біздің жаңа Қазақстанның азаматын тәрбиелеу маңызды. Жаңа Қазақстанның азаматы қандай болу керек? Сәтпаевтай болу керек. Ол елін, жерін, халқын сондай жақсы көрген. 40-шы жылдары ол кісіні Мәскеуге, Алматыға жұмысқа шақырып, сонда бармады. Сәтпаев сол Жезқазғанның ыстығына, қысқы аязына шыдап, ешқандай тұрмыс жағдайы төмен, Алматы мен Мәскеуге салыстырмайтын тұрмыс жағдайы. Жезқазғанды зерттеп, бұрын онда мыс өнімі жоқ десе, ол терең зерттеп, Жезқазғанның жер қойнауында әлемде 3-ші орын алатын мыс кені барын дәлелдеді. 20 жыл болды менің Сәтпаевты насихаттап келе жатқаныма. Соның арқасында Көкшетаудан 20-ға жуық бала Сәтпаев сияқты геолог боламыз деп Семейдегі колледжге оқуға түсті.

РКС: Қаныш Имантайұлын «қазақ ғылымының атасы» деп бекер айтпаған. Ол Жезқазған ірі мыс кен орнымен қатар, минералды шикізатқа бай Сарыарқа, Кенді Алтай, Қарағанды және басқа да аймақтарға зерттеу жасап, ғылыми жобалар қорғаған. Бүгінде еліміздегі білім ордаларында Қаныш Сәтпаевтың еңбектерін насихаттайтын сабақтар өтеді.

СНХ: ҚАНАТ БӨДЕЕВ, Е.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Қазақстандағы тұңғыш ашылған Қазақ КСР академияның негізін қалаушы. Осы 1946 жылдан бастап 1964 жылға дейін академияны басқарып, ғылым мекемесіндегі барлық жетістіктерге қолдау көрсетіп отырған тұлға деп айтуға болады. Сондықтан, біз оны тек геолог қана емес, өнертанушы, тарихшы деп те атауымыз керек. Тарих ғылымындағы 1946 жылдан бастап Орталық Қазақстанда құрылған археология институтының бастамасымен келген Мархұланның экспедициясы бар. Соның нәтижесінде Қарағанды облысы бойынша қола дәуірінің бір үлкен кезеңі болып табылатын Бейғазы Дәндібай әрбір кезеңі зерттелген.

РКС: Табиғи байлықты ақылмен пайдалану – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын айқындайды, деген Қаныш Сәтпаевтың ерең еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі өнеге.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ