ДИКТОР: Ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына биыл - 125 жыл. Осыған орай, Көкшетауда "Өмірі өнеге" атты ғылыми конференция өтті. Оған профессорлар, геология, тау кен ісі саласына сүбелі үлес қосқан академик-ғалымдар белсене қатысты.

ИНТЕРШУМ: Мұрағаттан көрсетілген видеодан фрагмент

РКС: Конференция барысында академиктің еңбек жолы мен зерттеулері тақырыбында түрлі баяндамалар тыңдалды. Қаныш Сәтбаев жас кезінде-ақ, үлкен ғалым атанған. Ол геология саласына зор үлес қосып, елімізде алғаш рет ғылым академиясын құрған.

СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ РЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: Қаныш ағамыз расында да жарық жұлдыз ғой. Осы қазақ ғылымын алға жылжытқан, Жезқазғанда үлкен кең орнын ашқан, Ертіс - Қарағанды каналын салдырған. Одан кейіп барып көптеген ғалымдарды тәрбиелеп шығарған. Қаныш ағамыздың мұрасы әлі де зерттелудің үстінде. Ол кісінің негізгі мамандығы геолог болғанымен де, иә математика болсын, енді біз білеміз алғашқы алгебра оқуын жазды. Мынау ән саласы болсын, тарих саласы болсын, тіл әдебиет саласы болсын барлық жағынан да мол білімі бар.

РКС: Конференция аясында ғылым мен технологияға қатысты әртүрлі баяндамалар тыңдалып, талқыланды.

СНХ: АЙДАР ҚОЖАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ "ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ОРТАЛЫҒЫ" МЕКЕМЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Он шақты адам баяндама оқып, жастарға ғылыми баяндама жасап, бәрімізді қуантты. Негізгі мақсат - ғалымды дәріптеу болатын. Оны жас ұрпаққа таныстыру. Жақсы, тағылымдық іс-шара өтті. Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да болады.

РКС: Жиын соныңда конференцияға қатысушылар Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына орай арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ: Марапаттаудан үзінді

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ