ДИКТОР: Көкшетауда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бастау алды. Еліміз бойынша бір уақытта басталған науқан 5 аптаға созылмақ. Бір ерекшелігі әр апта белгілі бір тақырып аясында өтеді. Бұл жолғы шараға облыстық Қоғамдық келісім мекемесінің қызметкерлері жұмыла қатысты.

РКС: Акцияның алғашқы аптасы "Таза өлке" тақырыбында өрбиді. 13-ші сәуірге дейін жалғасын табатын науқан саябақтардың тазалығын қадағалауға бағытталған. Күрек ұстағандар қатарында Анаргүл Мұхамедрахимова да бар.

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен акция басталуда. Бірінші апта міне "Туған өлке" тақырыбында. Әр көкшетаулықтарды белсенділік танытып, әр қайсысымыз осы жаңа Қазақстанымызды тазалайық, тазартайық, жаңғыртайық, жақсартайық. Келесі аптада ағаш отырғызамыз.

РКС: "Таза Қазақстан" акциясы мамыр айының ортасына дейін жалғасын таппақ. Бес апта бойы өңір көшелерінде ағаш отырғызу, көріктендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ