ДИКТОР: Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысты. Дүбірлі додаға ерлер мен әйелдер,сонымен қатар жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынасты.

ИНТЕРШУМ: АТЫСУ СӘТІ

РКС: Чемпионат жарысы 5 кезеңнен тұрды. Олар: жеке жарыс, спринт, супер-спринт, жаппай старт және жалғыз аралас эстафета. Ерлер арасындағы жаппай стартта Данил Черненко үшінші, Әсет Дүйсенов екінші орынды иеленді. Ал, Қазақстан чемпионы Александр Мухин атанды. Ол 15 шақырым қашықтықты 39 минут 3 секундта жүріп өтіп, төрт атыс шебінде екі рет нысананы дәл көздеп ата алмай қалды. Әйелдер арасындағы үздік үштік құрамында үшінші орынға Анастасия Кондратьева жайғасты. Галина Вишневская-Шепоренко күміс жүлдегер атанды. Ал Дарья Клишина алтын медаль жеңіп алды.

СНХ: ДАРЬЯ КЛИМИНА, ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗЫ (ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ): Мен биатлонмен 10 жылдан бері айналысып келемін. Қазақстан құрамасының қатарындамын. Қазір бала күтіміндемін. Бүгін 38 минуттың ішінде жаппай стартты жүгіріп өттім. Қыздар мықты әрі жақсы нәтижеге қол жеткізбекші. Ауа райы жақсы, нағыз сырғанауға арналған уақыт. Біздің бапкерлеріміз Николай Николаевич Выдринге, Максим Валерьевич Браунға үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Армияның орталық спорт клубына мені және Павлодар облысын қолдағаны үшін рахмет айтамын. Осының арқасында ең жақсы құрал-жабдықтармен дайындаламыз.

РКС: Жасөспірімдер арасында үшінші орынды Диас Омаров иеленді. Екінші болып мәре сызығын Антон Гуров кесіп өтті. Владислав Маликов чемпион атағын жеңіп алды. Ақмолалық биатлоншы үш мәрте нысанадан тыс жіберіп, мәреге 34 минут 53 секундта жетті.

СНХ: ВЛАДИСЛАВ МАЛЫКОВ, ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗЫ (АҚМОЛА ОБЛЫСЫ): Барлығы жоспарға сай орындалды. Ең бастысы дұрыс бағытта жұмыс істеп, ешкімді өз алдыңа жібермеу. Атыс шебін де өткере алдым. 20 атудың ішінен үш қателік қана жіберіппін. Бұл спортпен 2012 жылдан бері айналысамын. Бала кезімнен белсендімін.

СНХ: ЖАНБОЛАТ МҰСТАФИН, БИАТЛОННАН МЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Бұл қорытынды маусымдық жарыстар. 2023-2024. Жарыс бойынша ҚР биатлоннан құрама командасы құрылады. Штаттық құрама да құрылады. Осыдан кейін спортшыларымызды жазғы демалыс басталады. 2024-2025 маусымдық жарыстарға дайындықты бастаймыз. Жасөспірімдерге арналған жарыстар бар. Астана қаласында және Петропавлда өтеді. негізі жазға жоспарлар осындай.

РКС: Жасөспірімдер арасында Мария Польдяева чемпионаттың барлық бес кезеңінде 5 алтын медальды жеңіп алып, ең үздік атанды. Оның жаппай бастаудағы нәтижесі 32 минут және 28 секунд. Балғын спортшы нысананы үш рет жіберіп алған. Екінші орынды Арина Крюкова иеленді. Милан Генева қола жүлдегер атанды. Чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ