ДИКТОР: Зеренді аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 200-ден астам ұлдар мен қыздар шаңғымен тұрақты айналысады. Сондай-ақ олар облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындардан көрінуде.

РКС: Шаңғы жолы қарағай мен қайыны аралас, қыста қар мол түсетін жерде орналасқан. Сондықтан ауа райының қолайсыз кезеңдерінде де жаттығу бір сәтке де тоқтамайды.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Біз болған күні балалар спорт мектебінің кіші тобы жаттығу жасап жатты.

ЕСТ ШУМ: ШАҢҒЫ ТЕБУ

СНХ: АЙЛАНА ДОЖА, ШАҢҒЫШЫ: Щучинск қаласында өткен жарыста бірнеше шақырымда сынға түстім. Жақсы дайындықтың нәтижесінде жеңіске жеттім.

РКС: Жасөспірім шаңғышылардың спорттық жетістіктері жыл озған сайын артып келеді.

СНХ: ҚАЙЫРБЕК ҚАЛИБАЕВ, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Зеренді қысқы спортқа қолайлы өлке. Оны біз спорт мамандары тиімді пайдаланамыз. Сондықтан шаңғы спортына ерекше назар аударып келеміз. Және жаттықтырушыларымыз шәкірттерімен жүйелі жұмыс істейді.

РКС: Биылғы қысқы спорттық маусымда аудан қоржынына мол медаль салған шаңғышылар жаттығуларын қар еріп болған соң роликті шаңғы тебумен жалғастырады.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ