ДИКТОР: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға өңірдің түкпір-түкпірінен келген 130-ға жуық білім беру ұйымының өкілі қатысты. Олар болашақ педагогтармен кездесіп, түрлі қызмет орындарын ұсынды.

РКС: Жалпы, шараға 300-ден астам студент қатысты. Солардың бірі – 4 курс студенті Әнел Рахмет. Ағылшын тілі мамандығында оқиды. Ол бос жұмыс орындары жәрмеңкесі арқылы тұрақты жұмыспен қамтылуды көздейді.

СНХ: ӘНЕЛ РАХМЕТ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Қазіргі осы болып жатқан жәрмеңке бізге өте көп септігін тигізіп жатыр. Себебі, біз өз мамандығымыз арқылы көптеген жерлерден жұмыс тауып жатырмыз және осы жәрмеңке ұйымдастырып жатқан ұйымдастырушаларға көп рахметімді айтамын!

РКС: Өңірде педагог маманы тапшы. Соның қатарында Ерейментау ауданына қарасты Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейі де бар.

СНХ: АЛМА ЖАСАРОВА, БӨГЕНБАЙ БАТЫР АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: (ЕРЕЙМЕНТАУ): Бүгінгі таңда бізге математика мұғалімі қажет. Енді мен ойлаймын бүгін біз студенттермен кездесіп, қажетті мамандарды тауып аламыз деп.

РКС: Екі сағатқа созылған жәрмеңкеде болашақ түлектер білім беру ұйымдарында қарастырылған жеңілдіктер және "Дипломмен-ауылға" мемлекеттік бағдарламасы аясында өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ