ДИКТОР: Көктемгі су тасқыны салдарынан Көкшетауда бірқатар үй тұруға жарамсыз болып қалған. Шаһардағы Вернадский көшесінде орналасқан апатты деп танылған 5 жекеменшік үй мен көпқабатты 1 тұрғын үй сүрілді.

ИНТЕРШУМ: ҮЙДІҢ СҮРІЛІП ЖАТҚАНЫНАН КАДРЛАР

ДИКТОР+ВИДЕО: Тозығы жетіп, тұрғындардың тұруына жарамсыз болып қалған баспаналар, қаланың көркін де бұзып тұрған еді. Бүгін апатты үйлер толығымен сүрілді. Жоспарлы жұмыстың жүйелі атқарылуын аймақ басшысы Марат Ахметжанов қадағалады.