ДИКТОР: «Көкше өңірі және Көкшетау қаласы», «Хан көрген, Хазірет көрген Көкшетау» мен «Көкшетау аймағындағы жер-су атаулары». Қалалық ақпараттық кітапханада тарихи тақырыптағы жинақтың тұсаукесері өтті.

ИНТЕРШУМ: 9716

РКС: Бұл құнды дүниелер өзіндік ерекшелікке ие. Мұнда Көкшетау жерінің географиялық аумағы, тарихи оқиғалар мен өлке тарихына қатысты мұрағат көшірмелер енген. Туындының авторлары суырып салма ақын Құдайберлі Мырзабек пен тарих ғылымдарының кандидаты Марат Өтегенов. Жинақта тарихи ақпараттар мен қызықты мәліметтер жазылған.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, АҚЫН, ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Абылай ханмен байланысты болып келеді Көкшетаудың көп әңгімесі. Өйткені содан бергіден бастап, тарихымыз жинақталып, Абылайдың тұғасының төңірегінде Көкшетау туралы көп әңгімелер айтылып келеді.Содан кейін біз өткен жылдардан бастап, ең бірінші Кенесары Қасымұлына байланысты зерттеу жұмыстар жүргіздік. Кейін Науан қазірет туралы үлкен зерттеу жүргізіп, деректі жинақтай отырып, ғылыми-конференция өткіздік. Жалпы, Көкшетау туралы айтқанда хан көрген, хазірет көрген Көкшетау дейді.

РКС: Осы идеяны жүзеге асыру барысында әр тарихшы-ғалымның еңбектері ұмыт қалған жоқ.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Өте қуаныштымыз осы кітатармен қауышып жатқанымызға. Шын мәнінде елдің тарихы бұрын бұрмаланып жазылып келді, дұрыс емес пікірлер айтылып келді. Соның бәрінің алдына тосқауыл қоятын, шындықты айтатын, жаңаша көзқараспен жазылған кітаптар қоға тиіп отыр.

 РКС: Қалалық ақпараттық кітапханаға жаңа жинақтың 30 данасы табысталды.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ