ДИКТОР: Облыстық Қоғамдық келісім жанынан көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық, психологиялық көмек көрсету мақсатында қоғамдық штаб құрылған. Оның құрамына 10 адам енгізілген. Қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өңірлік коммуникация қызметінің, жастар ресурстық орталығының басшылары мен өзге де мүдделі тұлғалар бар.

РКС: Қоғамдық штаб қиыншылыққа тап болған тұрғындарға гуманитарлық көмекті бөлуді үйлестіру, халықпен жұмыс жөніндегі қабылдаулар өткізу, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Қоғамдық штаб өз жұмысы барысында 5 негізгі мәселені анықтап, сол бағытта жұмысты күшейтуге атсалысуда. Штабтың қызметіне еліміздің әр аймағынан қайырымдылық қорлар, Ассамблея мүшелері атсалысты. 140-тан астам волонтер белсенділік танытуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсету және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккендер экранда көрсетілген номерлер арқылы хабарласа алады.

СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Штабқа келетін болсақ, оны облыс әкімі басқарып жатыр. Тікелей басқарып отырған облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов. Сонымен бірге жалпы қоғамды ұйыстыру үшін, қоғамдық ұйымдардың басшыларының басын қосу үшін қоғамдық штаб құрылды. Оған Ақмола облыстық кеңесінің мүшелері, Азаматтық альянс мүшелері, Аналар кеңесінің мүшелері солар қатынасып, бүгінгі күні сол басты мақсатымыз сол көмекке бақылау жасау. Елге түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Ол үндеуінде елін бірлікке, ынтымақтастыққа шақыра отырып, зардап шеккен әрбір отбасының көмек көрсету жөнінде айтылды. Сондықтан, осыған байланысты ел болып бірігіп, апатқа қарсы әрекеттер жасалып жатыр. Халыққа көмек көрсету орталығы ашылған. Халықтың барлық әкеліп жатқан көмегі жинақталып, зардап шеккен 7 ауданға осы жерден көмек жіберілді. Оның ішінде тағамдар, төсек-орындары, су, үй ішінің жабдықтары Газельдерге бөлініп, Атбасар, Астрахан, Жақсы, Жарқайың, Бұланды аудандарына аттандырылды.