ДИКТОР: «Қазақстан халық банкі» ғасырлық меретойына орайластырылған «100 игі іс» акциясының аясында банк қызметкерлері облыс орталығындағы «Инватакси» қызметіне жаңа көліктер тарту етті. Автомобильдер тірек-қимыл аппараттары зақымданған адамдарды тасымалдауға арналған.

РКС: Су жаңа автокөліктер барлық қажетті функциялармен жабдықталған. Гидравликалық көтеру құрылғысы бар және орындықты ыңғайлы етіп бекітуге болады. Мұның барлығы өздігімен қимылдай алмайтындарға әлеуметтік маңызды инфроқұрылым нысандарының қолжетімділігін арттырады.

СНХ: ДӘУЛЕТ ТОПИН, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін біз үшін өте жағымды оқиға орын алып жатыр. «100 игі іс» аясында қаламызға «Инватакси» тарту етіп жатырмыз. Көкшетауға, осымен үшінші рет көлік беріп отырмыз. Бұған дейін Бурабай ауданына да сыйлағанбыз. Осындай көліктің қажеттілігі жоғары екенін байқадық. Өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі жандар көп. Және осындай көліктер олардың жүріп тұруларын жеңілдетеді.

РКС: Біріккен Ұлттар ұйымының 2019-жылғы зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар 690 мыңнан астам адам бар болатын. Қимылдаулары қиын адамдардың қоғамға бейімделулері үшін «Инватакси» қызметі іске қосылған.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз ақпараттық технология заманында өмір сүреміз және тек алға жылжуымыз қажет. Яғни, қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы және заманауи қызмет түрлерін ұсыну керек. Жаңа инватаксидің таптырмас көмекші болатынына сенімдімін. Осы жобаның жүзеге асуына күш салып, қаожылай қолдау білдірген әр азаматқа алғыс білдіремін.

РКС: Бұл бастама – тірек-қимыл аппараты зақымданған адамдардың өмір сапасын жақсартуға айтарлықтай көмек. Жауапты мамандар аталмыш бастаманың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, ДАРХАН ДӘУЛЕТ КӨКШЕ АҚПАРАТ