ДИКТОР: Көкшетауда 8 отбасы жақын арада қоныс тойларын тойламақ. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге облыс әкімі Марат Ахметжанов пәтер кілтін табыстады. Жылдар бойы апатты деп танылған баспаналарда әупірімдеп күн көріп келген жанұялар, небәрі, бір айда үйлі болды.

ИНТЕРШУМ: вот оплучается выше колено моего. Вот это вода вот была, я в балотниках домой заходил.

РКС: Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің бірі Бектеміровтер жанұясы. Шамамен, жарты метрге көтерілген судың кесірінен үй де, ондағы жиhаз да жарамсыз болып қалған. Негізі, бұл баспана реновация бағдарламасы бойынша сүрілуі тиіс еді. Бірақ, айтып келмейтін апаттың салдарынан пәтер иелері басқа баспанаға ерте қол жеткізіп отыр. Сондықтан, жаман айтпай, жақсы жоқ,- дейді тұрғындар.

СНХ: АСЫЛ БЕКТЕМІРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су тасқынының астында қалғанда бізге осындай көмекті жасап жатыр. Мен ойлаған жоқпын. 1 ай өткен жоқ. Көмегін акимат жасады. Бізге ущербтің ақшаларын бәрін төлеп жатыр. Оған қарамай бір пәтерге қолымыз жетті. 2 бөлмелі пәтерге қолымыз жетті.

РКС: Зардап шеккен тұрғындарға қаланың кез келген шағын ауданынан қалаған пәтерлерін алу мүмкіндігі берілген. Сондықтан, бұл жанұялардың әрқайсы өздеріне ұнаған үйлерін таңдап алды. Ал, апатты деп танылған ескі үйлері сүрілді. Жақын арада ол жерге жаңа ғимараттар салынатын болады. Баспана иелерімен кездескен Марат Ахметжанов оларға салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

ИНТЕРШУМ: кілтті табыстау сәті

РКС: Бүгінгі күнге дейін Көкшетау қаласы бойынша топан судан зардап шеккен 11 жанұяға пәтер берілген. Қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді. Бұл жұмыстар соңғы зардап шегуші басапаналы болғанша жалғасын табады,-деді Марат Ахметжанов.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Күрделі жөндеу жасап бердік 74 үйге. Қалғандарына жаңа баспана беру мәселесі қарастырылып жатыр. Не салып беру не ауылды мекен болса, сол ауылды мекеннен жаңа баспана салып беру мәселесі. Әрбір зардап шеккен біздің азамат баспанасыз қалмайды. Толық бүгінде күшіміз де, қаражатымыз да жеткілікті. Ешкім баспанасыз қалмайды. Күзге дейін бәрі жаңа басапанамен немесе басқа үймен қамтылады.

РКС: Жалпы, облыс бойынша 800-ден астам үй су тасқынынан зардап шеккен болатын. Осы күндері барлық шығындар өтеліп жатыр. Әр отбасына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бірреттік көмек көрсетіледі. Бүгінгі күнге дейін 1 мыңнан астам адамға аталмыш көмек берілген. Елді мекендерді тасқыннан аман алып қалу мақсатында 45 шақырым топырақ үйінділері дайындалып, 18 шақырым өзен жағалауы нығайтылды. 330 мың тоннаға жуық инертті материал салынған қап дайындалып, 3,5 миллион текше метр қарғын су сорылды. Осындай жұмыстардың арқасында су басу қаупі бар аймақта орналасқан 95 елді мекендегі 8 мың үйді топан судан аман алып қалу мүмкін болды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ