ДИКТОР: Су тасқынынан зардап шеккендер мемлекеттен берілетін материалдық көмекті еш кедергісіз алуы керек. Бұған дейін есеп шоттары бұғатталған борышкерлердің қарызын біржолғы материалдық көмек сомасынан өндіріп алуға болмайды.

РКС: Су тасқынынан зардап шеккен адамның шотына тыйым салынған болса, ол сот орындаушысына хабарласуы қажет. Және су тасқынынан зардап шеккені туралы расталған құжаттар мен өтініш қоса тапсырылады. Одан соң мемлекеттен берілетін материалдық көмек алатын банктік шоттың бұғаты шешіледі.

СНХ: МЕДЕТ ЕДІРІСОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98 бабына сәйкес өндіру қарызын біржолғы сипаттағы материалдық көмек сомасынан алуға болмайды. Материалдық көмек алатын адамның түрлі себептерге байланысты есеп шоттары бұғатталған болса, сот орындаушысына хабарласып, айтуы қажет. Зардап шеккені туралы анықтама құжаттар тапсырған соң сот орындаушысы бұғаттан шешу жұмыстарын кешіктірмей атқаруы керек. Сондай-ақ аталған Заңның 40 бабына сәйкес су тасқынынан зардап шеккен тұлғалар материалдық қаражатты кейін аламын деп шешсе оны кейінге қалдыруға, орындаудың мерзімін ұзартуға құқығы бар.