ДИКТОР: Красный Яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжі мен "Team-Agro" серіктестігі бірлесіп, оқу орынының базасында шағын кәсіпорын ашты. Қазірдің өзінде студенттер элеваторларға арналған жабдықтарды әзірлеп, өндірумен және құрастырумен айналысуда.

РКС: Оқушылар слесарь-жөндеуші, электр газбен дәнекерлеуші біліктіліктері бойынша даярлықтан өтуде. "Есептеу техникасы және ақпараттық желілер" мамандығының студенттері "Компас-3D", "Autodesk Inventor" бағдарламаларын және басқа платформаларын зерттейді. Арнайы техникада өндірістік оқыту шеберлері мен студенттер үш өлшемді кеңістік саласында бөлшектерді әзірлеу, металды кесу, өңдеуден кейін бөлшектерді түсіруді, және оларды жасауға арналған бағдарламаларды жазады.

СНХ: ВЛАДИМИР ЛАРИН, КРАСНЫЙ ЯР АУЫЛЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: "Есептеу техникасы" мамандығының бірінші курс студенттері конструкторлық құжаттамаларды, түрлі сызбаларды дәнекерлеу жұмыстарын әзірлейді. Металды кесуге арналған станоктар мен дәнекерлеу аппараты да бар. "Team-Agro" компаниясы құны 12 миллион теңгенің қосымша жабдығын да жеткізді.

РКС: Колледж базасының жанынан осындай кәсіпорын ашу аса қажет болды. Оқушылар білім ошағының аумағында тәжірибеден өткен кезде барлық қажетті дағдыларға машықтанады. Болашақта жас мамандар өз қызметінде тәжірибелі әрі мейлінше білікті болады. Кәсіпорында тәжірибеден өтетін студенттерге 2-ші курстан бастап ақы төленеді.

СНХ: БОРИС ОРЕХОВ, "TEAM-AGRO" СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ": Бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік бар екенін білдік. Қазір оның жемісін көріп отырмыз. Құрал-жабдық өндіріледі. Студенттер мамандықтары бойынша білім алады. Сондықтан бізбен бірлесіп жұмыс істеуге келіскен колледж ұжымына алғысымыз шексіз.

РКС: Айта кету керек, Красный Яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжінің 85 жылдық тарихы бар. Ақмола облысы бойынша үздік колледж деп танылған оқу орны.

МЕРУЕРТ МҰРАТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ