ДИКТОР: ІТ, веб-технологиялар, графикалық дизайн мен 3D модельдеу. Мектеп оқушылары арасында «JasSkills Aqmola - 2024» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты өтіп жатыр. Додада өңірдің түкпір-түкпірінен келген 100-ден астам ұл-қыз бақ сынауда. Бұл байқау оқушыларға мамандықтардың дұрыс таңдауына ықпал етіп, түлектерге ерте кәсіптік бағдар беруге серпін бермек.

РКС: Қатысушылар Қосшы, Степногорск, Көкшетау қалалары мен Біржан сал, Бурабай, Акқөл, Ерейментау және Целиноград аудандарынан келген. Аяжан Сайлаубекова 8-ші сынып оқушысы. Бурабай ауданынан келіп отыр. Химия пәнін сүйетін жеткіншек «Қоршаған ортаны қорғау» құзіреттілігі бойынша бағын сынап көруде.

СНХ: АЯЖАН САЙЛАУБЕКОВА, «JAS SKILLS AQMOLA - 2024» ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСУШЫ (БУРАБАЙ): «Қоршаған ортаны қорғау» құзіреттілігі бойынша қатысып отырмын. Судың құрамын басқа химиялық құрылыстарды қосу арқылы иісін, түсін анықтаймыз. Осындай тапсрмалар болады. Мұғаліміммен зерттеу жұмысын жасап көргенбіз. Бірақ аз уақытта жасадық. Жалпы, химия пәні өзіме қатты ұнайды. Түрлі химиялық заттарды қосу қызықты.

СНХ: СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, БАС САРАПШЫ: Қатысушылардың міндеті - пробиркалардағы суықтықтарды тану. Кейін оқушылар гидролизбен жұмыс істейді. Тұз ерітінділерінің ортасы да танылады. Жалпы, чимпионат эксперименттік сипатта ұйымдастырылған. Яғни, мұнда біз балалардың ерітінділермен, химиялық жабдықтармен жұмыс істеуін тексеріп, үйретеміз.

РКС: «JasSkills» байқауы – 12-16 жас аралығындағы жасөспірімдерге ІТ мамандықтары бойынша өз дағдылары мен қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Биыл оған 9 құзіреттілік кіріп отыр. Бұл шара халықаралық «WorldSkills» халықаралық чемпионатқа дайындық кезеңі, - дейді ұйымдастырушылар.

СНХ: ӘСЕТ ӘБДІҒАПАРОВ, «BOLASHAQ SARAYI» МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Чемпион негізі оқушыларға мамандық таңдауға сеп болады. Олар осы байқауға қатысып, өздеріне ұнаған саланы таңдай алады. Сондай-ақ, өз дағдыларын тексереді. Чемпионат барысында ұл-қыздар практикалық жұмыстарды орындау керек. Мәселен, робототехника саласында роботтарды жинайды. Айта кеткен жөн, мектеп оқушылары додадағы құзыреттер бойынша білім алады.

РКС: Жыл сайын чемпионатқа қатысушылар саны артып келеді, - дейді ұйымдастырушылар. Беделді шара облыс оқушыларын кәсіби даярлауға серпін береді.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ