ДИКТОР: Биыл облыстағы білім беру нысандарында 3 мың камераны ауыстыру жоспарланған. Бұл, бірінші кезекте, оқушылардың қауіпсіздігін арттыру үшін қажет. Ал, аудандар мен қалалардың әкімдіктері мектептердің жанындағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз үшін 441 білім беру нысанына 187 миллион теңгеден астам қаражат бөледі.

РКС: Оқушылардың қауіпсіздігі – қашан да басты назарда. Қазір мектептерге кіру тәртібі де әртүрлі. Бір білім ошағына бет-әлпетін суретке түсіру арқылы кірсе, енді бір жерлерде кюар код орнатылған. Ал, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы нөмірі үшінші және тоғызыншы мектепке алақан ізі арқылы кіру жүйесі қойылған. Бұл қазақстандық өнертапқыштардың ойлап тапқаны және осы тәсілге, тіпті, шетелдіктер қызығушылық танытуда. Алдағы уақытта қаланың басқа да білім ошақтарына осы жүйені енгізу жоспарланған.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл біріншіден, қауіпсіздік. Мектепке ешкім кіре алмайды. Екіншіден, бұл балалардың мектепке келуін, кетуін қашан келді, қашан кетті, ата-аналарға толық ақпарат келіп тұрады. 8ден 10 кеткенде бала мектепке кірді. Алақанымен. Ата-ананың телефонына хабар келіп түседі. Міне, сіздің балаңыз мектепке кірді, қашан шықты деген. Бұл ата-аналарға да қолайлы, мектепке де қолайлы.

РКС: Мектебі жабылып қалған ауылды жерлердің оқушыларын аудан орталығына немесе жақын маңдағы басқа ауылдарға тасымалдау да қатаң бақылауда. Қазіргі таңда, 10 мыңнан аса оқушы үшін тасымалдау ұйымдастырылған. Наурыз айында Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Зеренді, Есіл аудандары мен Степногорск қаласына қажетті 7 шағын Газель сатып алу үшін қосымша қаражат бөлінген.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауылдағы мектептер жабылып жатқан болса немесе мектептер қысқартылып, 9 жылдық, 10 жылдық жабылып, 4 жылдық болып жатқан мектептерге бұл автобустар беріліп, бұл мектептегі балалар үлкен мектептері бар ауылдарға тасымалданатын болады. Сондықтан, облысымызда бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады. Тағы 29 автобусқа біз бюджеттік заявка берген болатынбыз. Егер де бюдет есебінен қаражат бөлінетін болса, тағы да осы автобустарға қосып тағы 20 автобус алатын боламыз.

РКС: Биылғы көктемгі су тасқыны білім ошақтарына да кері әсерін тигізбей қоймады. Көкшетаудағы 1 балабақша мен Атбасар қаласындағы мектепке су кірген болатын. Балабақшада «Көкшетау 2015» серіктестігі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, Атбасар мектебін жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ