ДИКТОР: Жыл басынан бері Ақмола облысының боксшылары бірнеше жауапты жарыстарға қатысып, жеңімпаз және жүлдегер болып оралды.

РКС: Қандай да болмасын байрақты бәсекелердің алдында өңір боксшылары Көкшетау қаласындағы Қажымуқан спорт кешенінде бокс залында жаттығуларын пысықтап, шеберліктерін шыңдайды. Жақында ғана Түркістан қаласында олимпиада чемпионы марқұм Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнирде білікті бапкер Серікбай Біләловтың шәкірті 54 келі салмақта чемпион атанды.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Бахтияр Әскертаевтың жылдамдығына көз ілеспейді...

ИНТЕРШУМ:

СНХ: БАХТИЯР ӘСКЕРТАЕВ, ТУРНИР ЧЕМПИОНЫ: Саттарханов турниріне қатысудың өзі бір мәртебе. Бұған бапкеріміз Серікбай Біләловпен бірлесіп, жан-жақты дайындық жасадық. Қарсыластарымды алдын-ала зерттедім. Нәтижесінде жеңіске жеттім.

РКС: Білікті бапкер Серікбай Біләлов талай шәкіртін үлкен спортқа жетелеп, соның игі нәтижесін көріп келеді.

СНХ: СЕРІКБАЙ БІЛӘЛОВ, БАПКЕР: Бахтияр Әскертаев менің қарамағымда бірнеше жыл жаттығып келеді. Ол Көкшетаудағы №18-ші орта мектептің 11-ші сынып оқушысы. Жаттығуды босатпайды. Берген тапсырманы тиянақты орындайды. Болашағынан мол үміт күтемін.

РКС: Жақында ғана Қарағанды қаласында Азияның үш дүркін чемпионы Ермек Серікбаевты еске алуға арналған дәстүрлі турнир жалауын түсірді. Біздің жерлестеріміз Бекзат Мағжан, Айбек Төлеген, Батырхан Сейтенов жеңіске жетті.

СНХ: АҢСАР ҚАБДЕШЕВ, ТУРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ: Мен екі кездесу өткізіп, қола медальға ие болдым. Қарсыластарым жан-жақты дайындықпен келіпті. Өкінішке орай, жартылай финалда жеңіліп қалдым. Алдағы жарыста қарымта қайтарамын.

СНХ: ЕРАСЫЛ САПАРОВ, ТҮРНИР ЖҮЛДЕГЕРІ: Қарағанды турнирі өте биік деңгейде өтті. Шаршы алаңда өзге өңір боксшыларымен қолғап түйістірдім. Жүлделі оралғаныма қуаныштымын.

РКС: Жарыстан оралысымен жерлес боксшылар келесі сайыстарға дайындықты бастап кетті.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ