ДИКТОР: Облыста бұқаралық спортты дамыту тұрғысында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын халықтың саны жыл санап артып келеді. Былтыр салауатты өмір салтын ұстанушылардың саны 319 мыңға жуықтаған. 2021 жылдан бері аймақта мемлекеттік спорттық тапсырыс қарқынды дамып келеді. Былтыр бұл жұмысқа облыстық бюджеттен 2 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді.

РКС: Қазіргі таңда мемлекеттік спорттық тапсырыс спорттың 20 түрі бойынша жүзеге асырылып отыр. 80-ге жуық қызмет көрсетуші мемлекттік тапсырысты орындайды. 10 мыңнан астам бала түрлі спорттық секцияларға қатысып жүр. Спорттық инфрақұрылым жақсы қолға алынған. Былтыр Красный Яр елдімекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында Бурабай, Жақсы, Целиноград, Қорғалжын аудандарының ауылдарында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Жалпы, спортты дәріптеу мен қолжетімділігін арттыру үшін ең алдымен инфрақұрылымды дамытқан жөн. Ақмола облысында 15 спорт кешені бой көтеріп жатыр.

РКС: Тұрғындардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында заманауи спорт алаңдарын орнату жұмысы аяқталды. Ол нысандар жергілік бюджет есебінен және шаруашылық субьектілерінің көмегімен жүзеге асырылды. Былтыр осындай 62 спорт алаңы жабдықталды. Айта кету керек, Бурабай-Щучье курортты аймағы түрлі спорттық саййысты өткізуге қолайлы. Сондықтан аталған өңірде инфрақұрылымды дамыту маңызды.

СНХ: ҚУАНЫШ ҚАРАУЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Щучинск қаласында үлкен спорт сарайы салынып жатыр. Стадиондар салынып жатыр. Сандықтау, Шортанды, Жақсы аудандарындағы стадиондар реконструкциядан өтіп, ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қосшы қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтермек. Оның ішінде спортзал және бассейн болады.

РКС: Облыста спорттық резервті дайындайтын 30-ға жуық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар. Ол жерлерде спорттың 60-тан астам түрі бойынша болашақ спортшыларды шыңдайды. Спорт ұйымдары тәрбиелеп шығарғандар бүгінде ел намысын лайықты қорғап жүр. Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында 550-ге жуық Ақмола облысының спортшысы бар. Айта кетейік облыста ұлттық спорттың 11 түрі дәріптеледі. Оған қызығушылардың саны да жыл санап артып отыр. 30 мыңға жуық бала ұлттық спортта белсенді.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ