ДК: Мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші, бүкілодақтық байқаулардың лауреаты Кенжебай Мұқышевтың шығармашылық кеші өтті. Шараға туған-туысқандары, жақындары мен достары жиналды. Кездесуде Кенжебай Мұқышевтың дәстүрлі әнді орындау шеберлігі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ жинлаған туған-туыс қызықты сәтті мен өткен күнде еске алды.

ИНТЕРШУМ: әннен үзінді

РКС: Кенжебай Мұқышев 1961 жылы Бірлестік ауылында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге жақын. Жарты ғасыр қара домбырасын әрдайым бірге алып жүреді. Талай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бүкіл Одақтық лауреат, бірнеше дипломант атанған. Қазіргі уақытта М.Ғабдуллин атындағы музейінің директоры қызметін атқарып жүр.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВ, МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ: Әдебиет және өнер музейі қолдап, өзіңіз келіңіз, жақсы кездесу болсын деп шақырды. Мен өзім дәстүрлі әндерді жастайымнан айтып жүрмін. Ары қарай сол жастарды үйрету ниетімен шамалы адам жиналып отыр.

СНХ: ДУЛАТ САРИН, КЕНЖЕБАЙ МҰҚЫШЕВТЫҢ ТУЫСЫ: Мен міне Кенжебай ініміздің кешіне келіп отырмын. Біздің Кенжебай Бірлестік ауылының тумасы. Оны енді жас күнімізден білеміз. Оны әнге әкесі баулаған болатын. Ол кісі тойға болсын, қандай да бір шара болсын бірге алып, үйрететін.

РКС: Кенжебай Жәнібекұлының өнерге деген құлшынысы әкесінен дарыған. Өнерпаздың қоңыр дауысы кез келген жанның жанын жадыратады.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ