ДК: Жақсының аты өшпес! Көкшетауда ғалым Мыңбай Ысқақовты еске алу кеші өтті. «Халық жыл санауының тарихи негіздері мен ерекшеліктері» атты жиын барысында дарын иесінің еңбегі туралы айтылды. Математика мен астрономия саласында бірнеше ғылыми еңбек жазған. Қазақ тілінде 2 томдық «Проективті геометрия» кітабы бар.

РКС: Мыңбай Өтежанұлы 1923 жылы Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келген. Бала күнінен білім мен ғылымға құштар болған. Қазақ педагогикалық институтының физика-математика факультетін тәмамамдап, бес жылдай орта мектептерде еңбек етті. Жоқшылықтың ащы дәмін татқан ғалым өзгелерге қамқорлығын көрсетуден аянбаған.

СНХ:АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Біртума Мыңбай ағамыз соғыстан кейінгі қиын уақыт, математика, астрономия саласында мамандар аз болғанда Мыңбай ағамыз шоқ жұлдыздар болып, 50-60 жылдары алғаш рет астрономия заңдылықтарын зерттеген. Геометрия мен математика саласындағы еңбектері біршама.Шәкірттер тәрбиеледі. Ол кісі ғылым жағынан ғана емес, адамгершілік жағынан да көп еңбектенді. Осы Көкшетаудағы көптеген ғалымдар Мыңбай ағадан көп көмек көрген.

РКС: Профессор математика, астрономия саласында бірнеше ғылыми еңбек жазған. Қазақ тілінде 2 томдық «Проективті геометрия» кітабы жарық көрді. Әлемдік күнтізбелерді де зерттеген. 1963 жылы «Халық календарі» атты кітабы шығарылған. Математика факультеттері мен техникалық университеттер әлі күнге дейін оның оқулықтарын пайдаланып жүр. Мыңбай Өтежанұлының балалары да әке жолын қуып, елімізде ғылым саласына зор еңбек сіңіруде.

СНХ: АЛМА ЫСҚАҚОВА, МЫҢБАЙ ЫСҚАҚОВТЫҢ ҚЫЗЫ: Балалар әрқашан ата-аналарына жақын болуы керек. Мен осы залда жиналған адамдардың бәрін білемін. Олар әкемнің достары, менің балалық шағымда болған жандар. Немерелерімді де алып келдім. Олар көрсін, білсін деп. Әкемнің өмірде жастар үшін жасап, ұстаған жіпті жалғастырғым келеді. Себебі бұл балаларға, бәрімізге қажет.

РКС: Еске алу кешінде туған-туысқандары мен зиялы қауым өкілдері Мыңбай Ысқақовтың ғылым саласында қалдырған мұрасы мен жастарды тәрбиелеу ісіне қосқан үлесін атап өтті.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ