ДИКТОР: Жастарды еңбекпен қамту, елдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге оң әсер етпек. Жастар ресурстық орталығы әр тоқсан сайын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін өткізіп келеді. Тәжірибесі жоқ жас мамандар үшін бұл таптырмас мүмкіндік. Бұл жолы бос жұмыс орны жәрмеңкесіне 200-ден астам студенттер мен жұмыс іздеушілер қатысты.

РКС: Елдің өркендеп дамуы, халықтың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайы қажырлы еңбекке байланысты. Жыл сайын өтетін жәрмеңке жастарды сұранысқа ие мамандықтарға бағыттап, еңбек өтілінсіз жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Шараға білім беру мекемелері, жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік ұйымдардан жұмыс ұсынушы 50 мекеме қатысты.

СНХ: ЕРКІН ЖИЯН, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: ////қазақша///00:43/// Жергілікті атқарушы органдарда 200-ден астам вакансия қазір бар. Облыстық басқармалада бас мамандар.Техникалық мамандар қажет. Оларға сұраныс жоғары. Техникалық құрылысшылар бізге әрдайым қажет.

СНХ: АРМАН ӘЛІБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ №8 ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ: Мектепке математика, география, 2 ставка орыс тілі және бастауыш сынып мұғалімдері керек. Жастарды орта және жоғарғы білімдерімен келуге болады. Жалақысы жоғары. Бізде конкурс өткізіледі. Конкурсқа қанша адам келеді, олардың жетістіктеріне қарап аламыз.

РКС: Сондай-ақ, «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы аясында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мамандары да бос жұмыс орындарын ұсынды. Жалпы жәрмеңкеде 300-ге жуық бос орын жарияланды.

СНХ: МЕРУЕРТ ЫСҚАҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ ДЕПАРТАМЕНТІ КАДР БӨЛІМІНІҢ ИНСПЕКТОР ПОЛИГРАФОЛОГ МАМАНЫ: Офицерлер мен сержанттар құрамына жұмысқа шақырамыз. Сержант құрамының бос орнына құқық қорғау органдарына емтихан тапсыру міндетті емес. Әскери билет жеткілікті. Ішкі істердегі қызметтің артықшылығы 1 жыл 1,5 қызмет жылына теңестіріледі. Степногорск және Атбасар қалаларында белсенді қабылдау жүргізудеміз.

РКС: Жәрмеңкеге қатысушылардың басым бөлігі мемлекеттік қызметке қызығушылық танытты. Бүгінде жас мамандарды мемлекеттік қызметке орналастыру, жастарды бұл салаға тарту мәселелері басты назарда.

СНХ: АЙНҰР СОҢҒЫБАЙ, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Өзімнің болашақта қайда жұмыс атқаралатынымды, қайда жұмыс істеуге болатыны туралы толық мағлұмат алуға келдім. Сонысмен қатар ең бастысы 4 курсты аяқтаған соң «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бйынша қайда жұмыс істеуге болады, жалпы менің қандай мүмкіндіктерім бар сол туралы мәлімет алу үшін келген болатынмын.

РКС: Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарымен қатар еңбекке орналасу және мемлекеттік қолдау шараларына қатысу бағытында көптеген консультация беріледі. Мұндай шаралардың жемісін көріп, жұмыс тапқан, мамандық алған адамдар да көп. Биыл педагогика мамандығына басымдық беріліп отыр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ