ДИКТОР: Бүгінгі таңда мемлекет бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту және әкімшілік жүктемені азайту бойынша жүйелі шараларды жүзеге асыруда. Сонымен қатар, кәсіпкерлік секторды ынталандыру бойынша шаралары қолға алынған.

РКС: Шағын және орта бизнес облыс халқын негізгі жұмыспен қамтиды. Қазіргі таңда кәсіпкерлікпен 140 мыңнан астам адам айналысады, бұл экономикалық белсенді халықтың үштен бірін құрайды. Мемлекет өз кезегінде шағын және орта бизнеске арналған жағдайларды дамытуды көздеп отыр.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның және "Қарапайым заттар экономикасы" жобасының құралдары сұранысқа ие болып қала бермек. Мәселен, өткен жылдың қорытындысына сәйкес, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 11 миллиард теңгеге жуық сомаға 640 бизнес жобаға қолдау көрсетілді.

РКС: Айта кеткен жөн, аталған мемлекеттік бағдарламалар өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік саласында, халыққа түрлі қызметтер көрсету және басқа да салаларда бизнес ашуға және оны кеңейтуге өз ықпалын тигізді. Өткен жылы жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны әлдеқайда өскен. Соның арқасында 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған.

СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үкімет басшысы атап өткендей, отандық кәсіпкерлерді қолдау үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, қабылданған шаралардың арқасында елдің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5 процентке дейін ұлғайды. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 процентке дейін өсу керек. Бағдарлама шеңберінде шағын және орта бизнес субъектілері кредиттер сыйақысының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, кредиттерге ішінара кепілдік беру, гранттық қаржыландыру және жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды жүргізу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға мүмкіндігі бар.

РКС: Адал кәсіпкерлер әрқашан қолданыстағы заңнама шеңберінде қолдауға сене алады. Қазіргі уақытта Даму қоры пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдік беру және жеңілдетілген несиелеу сияқты мемлекеттік қолдау түрлерін жүзеге асырады.

СНХ: ТАРАС ШАЛЫГА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Субсидиялар мен кепілдіктер осы жылдың ақпан айында бекітілген. Ол бизнестің жол картасы мен басым жобаларын қамтиды. Субсидиялар мен кепілдіктер кредиттеу тетігін қамтитын бірыңғай кешенді бағдарлама шеңберінде беріледі. Бағдарламаның стратегиялық мақсаты- ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесін 40 процентке дейін ұлғайту. Сондай-ақ, экспортқа бағдарланған, бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын салаларды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру.

РКС: Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бірыңғай кешенді бағдарлама аясында салалық шектеулер жоқ. Тек сауда-саттық, жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар, көлік лизингі және жалға алу, сондай-ақ, такси қызметіне шектеу қойылған. Бұл ретте құны 10 миллион теңгеден аспайтын азық-түлік өнімдерін сатуға және отандық өндірістегі автомобильдерді сатып алуға жол беріледі.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ