ДИКТОР: Тоқырау жылдары Аршалы кенті де өзінің келбетіне көлеңке түсіріп, әлеуметтік-тұрмыстық нысандар тұралап қалған еді. Соңғы жылдары ауданға инвестиция көптеп тартылып, елді мекендер абаттана бастады. Соның бірі аудан орталығы.

РКС: Аршалы кенті тыңгерлер көп қоныстанған отыздан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатқан құт мекен. Мұнда соңғы жылдары бірнеше өндіріс ошақтары, тұрғын үйлер, бизнес нысандары салынды.

СТЕНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Аудан орталығы Аршалы кентінде 9 мың тұрғын бар.

РКС: Жергілікті жұртшылық, әсіресе ардагерлер өздері тұрып жатқан Аршалы кентінің бүгінгі келбетіне көңілдері толатынын жеткізді.

СНХ: АНАТОЛИЙ ЧЕРНОВ, АРШАЛЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен Аршалы кентіне жалындаған жастық шағымда тың игеруші болып келдім. Төңіректегі ауылдарды жер жыртып, егін ектім. Осы өлкеде отбасын құрып балалы-шағалы болдым. Сырттай жоғарғы оқу орнын бітіріп, аудандық партия комитетінде қызмет істедім. Бүгінгі Аршалы кентін сол кезеңмен салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Оқтай түзу көшелер, әлеуметтік нысандар көз қызықтырады.

СНХ: БАҒДАГҮЛ АРАПБАЕВА, АРШАЛЫ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен Аршалы кентіне отбасыммен Қытайдан көшіп келдім. Ата жұртым құшақ жая қарсы алды. Жақсы өмір сүріп жатырмыз. Балалар, немерелер өсіп келеді. Мектеп, аурухана, балабақша жұмыс істеп тұр. Бәрі осы Аршалы кентінде. Өте ризамын.

РКС: Былтыр Аршалы кентінің жекеменшік тұрғын үйлеріне табиғи газ желісі тартылды. 10 көшесіне асфальт төселіп, жарық берілді. Өзге де қадау-қадау жұмыстар жүзеге асуда.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ