ДК: Облыста жалпы ауданының 3 проценті, яғни 446,8 мың гектары сулы аймақ. Оның 552-сі көл, 40 су қоймасы, 6 тоған және 57 бөгет бар. Облыстық экология департаменті мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы Арыстанбек Тасқынбаев су қоймаларының экологиялық жағдайына тоқталды.

РКС: Экология департаменті ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін анықтау үшін су объектілеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізеді. Мысалы, 2023 жылы Зеренді көліне мониторинг өтті. Су сынамасы химиялық оттегі мен магнийдің шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кеткенін анықтады, басқа көрсеткіштер қалыпты шекте.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Сәуір айында Атбасар ауданында Сочи тоғанында және Зеренді ауданы Орағаш бөгетінде балықтардың өлу фактілеріне байланысты Ақмола облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен бірлесіп су сынамалары алынды. Талдау нәтижелері бойынша көптеген көрсеткіштер бойынша нормативтердің асыра орындалғаны атап өтілді. Мәліметтер өз құзыреті шегінде одан әрі шаралар қабылдау үшін балық инспекциясы бөліміне берілді

РЗК: Өткен жылы "Қазгидромет" Ақмола облыстық филиалы сынақ зертханасымен бірлесе отырып, Красный Яр ауылы ауданындағы Шағалалы өзенінен, сондай-ақ Заречное ауылынан су сынамалары алынды. Су үлгілерінде магний мен марганец құрамының асып кетуі анықталды, өзге көрсеткіштер қалыпты.

СНХ: АРЫСТАНБЕК ТАСҚЫНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қопа көліне Көкшетау қаласының "Аққу" балабақша ауданындағы Қылшақты өзенінен және Васильковский шағын аудан жағындағы жағажай маңынан су сынамаларына мониторинг жүргізілді. Қопа көліндегі су сынамасында темір, магний, сульфат, аммоний азоты, мыс, марганец, мырыш бойынша тиісті межеден асып кету байқалды. Бұған себеп адамдардың іс-әрекеттері де, табиғи факторлар да болуы мүмкін.

РКС: Су айдындарының ластануы туралы ақпарат түскен жағдайда департамент ластану себептеріне талдау жүргізеді. Өзен көлдер жеке немесе заңды тұлғалардың әрекетінен ластанса, экологтар табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданады.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ