ДК: Қылшақты өзенінің арнасынан асып, үйлерді, аулаларды су басып қалғаны тек сол ауданның тұрғындарын ғана емес, барлық көкшетаулықтарды алаңдатты. Сондықтан көпшілік бей-жай қалмай, көмек көрсетуге ниетті.

РКС: Көкшетауды су тасқынының салдарын жоюға жергілікті атқарушы билік, төтенше жағдайлар қызметімен бар жастар, еріктілер ат салып жатыр. Атқарылған жұмыс өз нәтижесін берді. Құтқарушылар су тасқыны кезінде адамдарды қауіпсіз жерге көшіріп, бар көмектерін аямады, - дейді қала тұрғындары.

СНХ: АНАСТАСИЯ АЛЕКСАНДРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Таңертең бұл жер суға толып, қайықпен жүретін күйге жеттік. Түскі уақытқа қарай су біршама азайды. Коммуналдық және Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысым шексіз! Жарайсыңдар! Барлығын тез және сапалы орындады. Біз мұндай қызметтермен бейбіт өмір сүре аламыз.

РКС: Сондай-ақ, тұрғындар мен құтқарушыларға 100-ден астам волонтер көмек қолын созды. Олар құтқарушылар мен зардап шеккен тұрғындарға ыстық шәй беріп, тамақ таратты.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазіргі уақытта НОВОПЭК ұйымымен бірлесіп төтенше жағдайлар қызметкерлеріне тамақ әкелген болатынбыз. Қазір 1-2 сағат ішінде осы жерде ошақ жасалып, қазанда тамақ пісетін болады. Көбісінің аузы берік екен. Сондықтан, ауызашарға дайындық болады.

РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсантары мен "Жас рухы» жастар қанаты волонтерлік клубы бірлесіп аянып қалған жоқ. Таңғы 8-ден бастап Қылшықты өзенінің бойында инертті материалдардан бөгет орнатса, кейін қаптарды құмға толтырып су басқан аймақтарға артып жіберуде.

СНХ: АМАН ШАЙКЕНОВ, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Таңертең азаматтық қорғау академияларының жылдам әрекет ету жасағының күштері су тасқыны орын алған ошақтарға жұмыфлдырылды. Жасақ құрамы 50 курсант пен 8 офицерден құралды.

СНХ: МАРЖАН МУСКИНА: Қазіргі уақытта азаматтық қорғау академиясының 30 адамы және 11 волонтер аянбай еңбек етуде. Жұмыс 2 сағатқа жуық үзіліссіз жүріп жатыр. Аяқталуға жақын. Бұл жұмысты тәмамдаған соң қаптарды су басқан орындарға апарып түсіреміз.

РКС: Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Жұмыстың қиындығына қарамастан жауапты органдармен қатарласа жүріп волонтерлер құм салынған шамамен 2 жарым мың қап дайындап, қауіпті аймақтарға тасымалдап, бөгет орнатуға ат салысып жүр.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ