ДИКТОР:Арнасынан асқан Қылшақты өзенінің суы Көкшетаудағывокзал маңындағыжолдарды шайып, үйлерге кірді. Оқиға орнында 300-ге жуық адамжүр. Олардың арасында төтенше жағдай қызметкерлері де, волонтерлер де бар. Мәселенің басы-қасында жүрген әкімдіктелігер бүгіннен қалдырмай жағдайды реттейміз деп отыр.

РКС:Вокзал маңындағы жекеменшік сектор тұрғындары ұйқыларынан оянғанда дәл мынадай жағдайға тап боламыз деп ойламаса керек. Бір түннің ішінде көшелер мен аулаларды су басып, аудан іші аралға айналғандай.

ИНТЕРШУМ:

РКС:Жергілікті әкімдіктегілердің айтуынша, вокзал маңы су басу қаупі жоғары аудандардың бірі. Сондықтан, қазіргі таңда барлық күш құрылымы осы жаққа жіберілген. Бірақ, түнде кірген топан судың тоқтайтын түрі жоқ. Таңнан бері Қылшақты өзенінен 15 техника мұз шығарылды,-дейді жауаптылар.

СНХ: МАКСИМ ШАТКОВСКИЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Өзен деңгейі күрт жоғарылап кетті. Одан бөлек, қатқан мұздар кедергі жасап, көпір астындағы су өткізу қондырғыларының күші жетпегендіктен, су арнасынан шықты. Жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғаныс органдарының қызметкерлері жұмылдырылып, Абай көшесінің бойындағы көпірден Қопа көліне дейінгі аймақтағы өзен мұздарын жару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

РКС: Қалалық әкімдіктегілер тұрғындарға қолдан келген көмекті көрсетеміз,-деп отыр

СНХ: ДӘУЛЕТ ЖҮНІСОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тұрғындарға көмек көрсетеміз. Арнайы желі қызметке қосылған. Сол номерлер бойынша хабарласа алады. Бүгіннің өзінде тұрғындардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Қазір біз үшін маңыздысы Қылшақты өзеніндегі мұздарды шығару. Одан кейін жағдай реттеледі. Оқиға орнында төтенше жағдайдың 30 қызметкері мен мердігер компаниялардың 60 шақты маманы жүр. Жағдай жергілікті атқарушы органның назарында.

РКС: Кешелі бері Сандықтау ауданында іссапармен жүрген облыс әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауға келе сала вокзал маңына барып, жағдайды өз көзімен көрді. Шыны керек, күннің алғашқы жартысымен салыстырар болсақ, су деңгейі біршама төмендеген. Көшелерге жайылған су да тартылған.

СНХ: БАУЫРЖАН ҒАЙСА,КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз таңғы жетіден техникаларды жұмылдырдық. Қазіргі таңда бұл маңда 300-ге тарта адам жүр. Ол төтенше жағдай департаментінің және азаматтық қорғау академиясының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және волонтерлар. Жағдай тұрақтандырылды. Су деңгейі түсті. Әлі де су сору жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін бұл жұмыстарды толық аяқтаймыз деген ойдамыз.

РКС: Күндізгі есеп бойынша вокзал маңындағы 8 үй мен 18 ауланы су басқан. Арнайы комиссия жұмыс істеп, келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ