ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновпен бірге Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласының су басу қаупі бар аймақтарының, өзен бассейндерінің және гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тікұшақпен әуеден бақылады. Әуеден бақылау арқылы көктемгі су тасқынының қаупі бар аймақтардағы қар мен еріген қар суының мөлшеріне, сондай-ақ, Есіл мен Нұра өзендеріндегі арналар мен мұз жамылғысының жай-күйіне зерттеу жүргізілді.

РКС: Марат Ахметжанов пен Шыңғыс Әрінов Астана су қоймасы және Безымянная бөгеті арналарындағы қардың қоры мен еріген қар суының ағысына да назар аударды. Көктемгі су тасқыны да айтып келмейтін апат. Сондықтан, тұрғындарды жағдайдың кез келген уақытта өзгеріп кетуі туралы хабардар ету қажет. Олардың да бей-жайлық танытпай, аула аумақтарын, су бұратын арықтарды тазарту жұмыстарына ат салысқаны маңызды,-деді облыс әкімі. Министр мен әкімге өңірдегі жағдайды облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы Қанат Доспаев баяндады.

ИНТЕРШУМ

РКС: Қазір облыс бойынша гидрометеорологиялық жағдай тұрақты. Су тасқынына қарсы алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Күні бүгінге дейін елді мекендерден 2 миллион текше метр қар шығарылған. Отын, инертті материалдар мен құм салынған қаптар дайын. Автомобиль жолдары мен теміржол бойында орналасқан 2500-ге жуық су өткізу құрылысы мен 490 көпір тазартылды. Сонымен қатар, 12 мыңнан астам адамға арналған 268 эвакуациялау пункті әзірленді. Өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде мұзды қопсыту және ұсақтау бойынша жарылыс жұмыстары аяқталды. Облыс өзендеріндегі мұз кептелістерін жою бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Бүгінгі таңда облыс бойынша 127 елді мекенді су басу қаупі бар. Әсіресе, Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Целиноград және Аршалы аудандарында қауіп жоғары. Бұл аудандар төтенше жағдай министрінің де, облыс әкімінің де қатаң бақылауына алынған. Басқа аудандарда қауіп орташа, дегенмен, ол жақтарда да жұмыс жүріп жатыр. Өткен тәулікте облыстың 11 ауданынан 26 мың текше метр су шығарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

РКС: Осы күндері облыстық азаматтық қорғау құрылымдары мен қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Су тасқынына қарсы облыста және аудандарда жедел штабтар жұмыс істеп тұр.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ