ДИКТОР: Ақын, сазгер Иран Тасқара 85 жасқа толды. Әншілігімен де ерекшеленген өнер иесі. Саналы ғұмырын кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды алыптардың ізін жалғастырып келеді. Сонымен бірге дәстүрлі ән өнерін болашақ ұрпақтың санасына сіңіріп, дәріптеуге арнап жүр. Еңбегі орасан. Қария ақын Кәкімбек Салықовтың сөздеріне жазылған әндердің республикалық конкурсының және «Батаменен ел көгерер» республикалық байқауының бас лауреаты. «Жаңа ғасырға-жаңа жырлар» республикалық ақындар айтысының дипломанты.

ИНТЕРШУМ: Иран Тасқараның ән орындауынан үзінді

РКС: 1939 жылы 11-ші наурызында Ресейдің Омбы облысына қарасты Қожа ауылында дүниеге келген. 10 жасында қолына домбыра алып, бала кезінен ән мен жырға құмар болып өскен. Бірақ өзінің таңдаған мамандығы инженер болатын. Басқа саланы игерсе де, саналы ғұмырын әсем әнмен өрнектеп, Иран сал атанды.

СНХ: ИРАН ТАСҚАРА, ӘНШІ, САЗГЕР: Мен өзім тау-кен инженерімін. 40 жылдан артық жұмыс істедім. 20 жыл Жезқазғанда, неше түрлі шахталарда. Осылай көп қызмет атқардым. Ақыры зейнетке шыққан соң мені «Сен ақынсың, әншісін, балаларды үйрет» деп 7 жыл жұмыс істедім. Бәйкен Әшімов, Кәкімбек Салықов сияқты азаматтармен кездесіп, айтыстарда, облыстарды араладым.

РКС: Иран Тасқараұлының есімі бұл күндері республикаға кеңінен мәлім. Оқырмандардың жүрегінен орын алған авторлық 6 кітабы бар. Сондай-ақ, 200-ден астам ән мен 2 күйдің авторы.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, АҚЫН-ЖАЗУШЫ: Бұл кісі 225 ән жазған, танымал әндері көп. Бүкіл республикада танымал әншілер айтып жүрген әндері бар. Біріншіден үлкен композитор, екіншіден айтыскер ақын. Осы өңірде, жалпы Қазақстанда айтыс өнері тоқтап қалғанда, соны дамытуға үлкен үлес қосқан. 85 жасқа келсе де қолынан домбырасы түспейтін, аузынан өлең түспей жүрген адам.

РКС: Сегіз қырлы бір сырлы дарын иесі талай ғасырға жуық болардай мол мұра қалдырған. Әннің тәтті дәмін татып, оны төңірекке таратып жүрген дәстүрлі әнші, сазгер қашан да өз биігінде асқақтай бермек.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ