ДИКТОР: Облыстың барлық аймағы су тасқынының алдын алуға байланысты жоғары дайындық режиміне көшті. Есіл және Егіндікөл аудандарында іс-шаралар жоспары әзірленді. Эвакуациялау пункттері жасақталып, техника мен құтқарушылар жұмылдырылды. Өзендердегі су деңгейін бақылау үшін гидротехникалық бекеттерде кезекшілік ұйымдастырылды.

РКС: Есіл ауданында су тасқынының жағдайы тұрақты. Алайда, 5 елдімекенді су басу қаупі бар. Ленинское, Московское, Двуречное ауылдарында және Есіл қаласында қоршау құрылғылары мен су өткізу құрылыстары бекітілді. Сонымен бірге кейбір жерлерін қайта тұрғызу жұмыстары жүргізілді.

СНХ: АСҚАРБЕК МАҚСҰМХАН, ЕСІЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Қаракөл, Қызыл-Су өзендерінің тасқыны кезінде жеңіл көліктер үшін көлік жолдары жабылған елді мекендермен ауыр науқастарды, жүкті әйелдерді және тұрақты қадағалауға мұқтаж азаматтарды шығару, азық-түлік қоры бойынша барлық қажетті іс-шаралар пысықталуда.

ТАҚЫРЫБЫ: ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫНДА 12 ЭВАКУАЦИЯЛАУ ПУНКТІ ЖАСАҚТАЛДЫ

РКС: Егіндікөл ауданында 12 эвакуациялау пункті іске қосылды. Көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін жергілікті бюджеттен жанар-жағармай материалдарын сатып алуға 1,3 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1 мың дана қап бар. Қар шығару жұмыстары жалғасып жатыр. Аудандық маңызы бар жолдарда 25 су өткізу құрылысы орнатылды.

СНХ: НҰРЖАН ҚОМБАТЫРОВ, ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Елдімекендерден қар шығаруға және су өткізу құрылыстарын тазартуға 13 техника жұмылдырылды. Қажет болған жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің техникасы қосымша іске қосылады. Әлеуметтік желілердің көмегімен ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайдың алдын алуға байланысты халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

РКС: Егіндікөл ауданында қауіпті учаскелері жоқ, - деп атап өтті әкімнің орынбасары. Айта кетейік, су басу қаупі жоғары аудандарға Целиноград, Аршалы, Атбасар, Сандықтау және Астрахан аудандары жатады. Аудан мен қала әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, 1 мыңнан астам техника мен 2,5 мыңдай адамна құралған команда жасақталды.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ