ДИКТОР: Үйлері суға кетіп жатқан Целиноград ауданы, Қоянды ауылының тұрғындары шарасыздықтан ереуілге шығуға мәжбүр болды. Ауыл болып түн жарымында жолға шыққан тұрғындар жергнілікті деңгейде төтенше жағдай жариялауды талап етті. Олардың айтуларынша, ауылдың жартысы суға кеткен. Еріген қар суы, тіпті, үйлердің ішіне кіріп жатыр.

РКС: Жергілікті деңгейде төтенше жағдай жариялау туралы талаппен тұрғындар әкімдікке барған. Әрекетімізден түк шықпаған соң, жолды жабуға мәжбүр болдық,- дейді қояндылықтар. «Ауыл суға кетіп жатыр. Шығынды кім және қалай өтейді, белгісіз. Қыс бойы ауыл ішінен қар шығарылмағаны көрініп тұр,-деп тұрғындар дабыл қағуда.

ИНТЕРШУМ: ауыл тұрғындары: Қыста қарға, жазда батпаққа батамыз. Не жол жоқ!

РКС: Оқиға орнына арнайы жедел әрекет ету жасағы, полицейлер мен аудан әкімі Бақытбек Оспанбеков келді. Полицейлер ереуілге шыққан тұрғындарға әрекеттерінің заңсыз екендігін айтып, заңнаманы бұзғандардың жауапкершілікке тартылатынын түсіндірді. Осыдан кейін жиналғандар үйлеріне тарқасты. Ал, төтенше жағдай департаментінің мамандары таң атқанша сумен арпалысты. Бірақ, мәселе толығымен шешілген жоқ.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ УАҚЫТША МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Аула аумақтарынан су тарту және бұру жалғасуда. Жалпы, Ақмола облысы және Астана қаласының төтенше жағдайлар департаментінен және Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 76 адам, 17 техника және 18 мотопомпа жұмылдырылды. Өткен тәулікте 80 мыңға жуық текше метр су тартылды. Жұмыстар жалғасуда.

РКС: Ауылды судан тазартуға ауданның барлық күш құрылымы жұмылдырылған. Бірақ, 40 мың тұрғыны бар үлкен ауылда аула да, жұмыс та көп. Сондықтан Қояндыға Көкшетау мен Астанадан көмек жіберілуде.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ