ДИКТОР: Филиппиннің Нью-Кларк қаласында су добынан 18 жасқа дейінгі жастар арасында XI Азия чемпионаты өтті. Қазақстан ұлттық құрамасында су спорт түрлері бойынша Ақмола мектебінің тәрбиеленушісі Алдияр Әкімбай қола жүлдегер атанды. Спортшыны жерлестері қарсы алып, үлкен жетістігімен құттықтады.

ИНТЕРШУМ: спортшымен кездесу

РКС: XI Азия чемпионатында су добынан 10 елдің спортшысы өнер көрсетті. Қазақстанның жастар құрамасы «қола» жүлдеге ие болып, үздік үштікке енді. Көкшетаулық Алдияр Әкімбай бұл спортқа осыдан 8 жыл бұрын келген. Төккен тері нәтижелі болды.

СНХ: АЛДИЯР ӘКІМБАЙ, АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Жеңіс оңайлықпен келмейді. Мұндай дүбірлі додаға қатысу бір бақыт болса, жүлделі орын үшін күресу одан да мәртебелі. Бұл бәсекеде жапон, иран және қытай елінің спортшылары өздерін мықты қырынан көрсетіп, жақсы бәсекелес болды. Еліміздің спорт федерациясына, жаттықтырушыларға көрсеткен қолдаулары үшін, тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасағаны үшін алғысым шексіз.

РКС: Өңірде су добының қарқынды дамуы 2016-2017 жылдардан бастау алады. Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Еркебұлан Қапезовтың басшылығымен бүгінгі таңда су добы спорт түрімен 60-қа жуық бала жаттығады. Алдияр қажырлы еңбектің арқасында табысқа жетудің жарқын үлгісін көрсетті,- дейді жаттықтырушы.

СНХ: ЕРКЕБҰЛАН ҚАПЕЗОВ, СУ ДОБЫНАН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Алдияр кішкентай кезінен маған келді. Ол кезде жүзу білмейтін еді. Өзі және ата-анасы жүзуге машықтануды басты мақсат етті. Алдияр кішкентай кезінен еңбексүйгіштігін, табандылығын көсерете білді. Нәтижесінде жеңіске биік белестерді бағындырып, әлемдік ареналарға шығып жүр. Ең алдымен ата-анасының, жаттықтырушы ретіндегі менің үмітімді ақтады. Оған зор сенім артылып отыр. Елімізде осындай азаматтардың болғанына марқаямыз.

СНХ: ҚАНАТ ӘКІМБАЙ, АЛДИЯРДЫҢ ӘКЕСІ: Бір қараған адамға жуас болып көрінуі мүмкін. Бірақ, алған бетінен қайтпайды. Асықпай жүріп, анық басып мақсатына жетіп келеді.

РКС: Айта кетейік, спортшының ел чемпионаттарында еншілеген 3 алтын медалі бар. Жас ватерполшы чемпион жолын таңдады. Бұған халықаралық жарыстарда жеңіп алған «қола» жүлде дәлел.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ