ДИКТОР: Қара сөздің құдіретін ұғынып, рухты өлеңмен қазақ поэзиясына өзіндік леп берген көрнекті ақындардың бірі, журналист Ханбибі Есенқараева көкшелік оқырмандарымен кездесті. «Ханбибі-хан ордасында» атты кеште ақынның шығармашылығына қызығушылардың қатары көп екенін аңғардық. Қаламы ұшқыр ақынның поэзия, проза жанрында жазған еңбектері ел ішінде ғана емес көршілес жатқан елдерге де танымал. «Алтынай», «Қадиша», «Дос іздедім», «Көңілгүл» және әйгілі «Нұрикамал» әннің сөзін жазған да Ханбибі Есенқараева.

РКС: Ел арасына танылған "Нұрикамал" әні 1988 жылы жарық көрген. Ән Ақмола облысының мәдениет басқармасын ұзақ жыл басқарған қазақтың аруы Нұрикамал Сейітжановаға арналған. Сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы болса, әннің авторы жұбайы Тұрдықылыш Ізтаев. Бұл ән ерлі-зайыптылардың ортақ туындысы. Кешке ақынның оқырмандарымен қатар жақын құрбылары мен замандастары да келді.

СНХ: КҮМІС МҰРАТБЕКОВА, ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАЕВАНЫҢ ЗАМАНДАСЫ: Өте ерекше кісі. Енді өлеңдері философиялық мағыналары керемет күшті. Өлеңнің тарихын Ханекең өзі айтып жүр ғой. Романтикаға толы десе болады. Ханекеннің характеріне лайық. Тұрдықылыш Ізтаевтың әдемі әндері өте көп. Бұл ән махаббатқа араналған. Ханекенге деп ойлаймын жолдасы екеуінің ортақ әні шығуына Нұрикамал себепші болған. Нұрикамал Көкшетау мәдениет бюасқармасының басшылығында да жұмыс істеген. Кезінде бәріміз жақын құрбылар болғанбыз. Өкінішке орай ол кісі дүниеден өтіп кетті.

РКС: «Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қызметкер» атағына ие болған қаламгердің «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым», «Жан айқай» сияқты 70-тен астам еңбегі бар. Ақынның өлеңдері орыс, украин, өзбек, якут тілдеріне аударылған. Өзекті мәселелерді арқау еткен соңғы шығармаларының бірі «Ақжол» туындысы. Бұл туынды ел тарихынының құндылығы. Болашақ ұрпаққа мұра,- деп кітаптың авторы Ханбибі Есенқараева айтып қалды.

СНХ: ХАНБИБІ ЕСЕНҚАРАЕВА, АҚЫН: Өзімнің шығармашылығымның 10 томдығы жарық көрді. 60 жасымда мен «Алаш» қайраткерлеріне сонау 1920 жылы Ташкент қаласындағы шыққан «Ақжол» деген ғазет болды. Осы мен қызығып халыққа жеткізейінші деп, арада 1 ғасыр өтті ғой, қазақ халқының тыныс-тіршілігі қандай болғанын жеткізу мақсатында мен соған кірісіп кеттім де 10 жыл өмірімді соған бердім. Нәтижесінде 2020 жылы 25 томдық «Ақжол» кітабын шығардым. Бұл ғылыми-тарихи еңбек.

РКС: Қазақ әдебиеті мен тарихына, руханияты мен мәдениетіне сүбелі үлесін қосқан ақын Ханбибі Есенқараева тыңдарма¬ны¬ның жырға шөлдеген жан дү¬ни嬬сін байытты. Жиы묬ған көрермен көпке дейін тарай қоймай, ақынды сахна төрінен жібермпеді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ