ДИКТОР: Наурыз мерекесінен кейін Ақмола облысында күн күрт жылып, халық әуре-сарсаңға түсті. Көкшетаудың шағын аудандарында еріген қар суы тіпті мектептің ішіне дейін кіріп кетті. Жағдай қатаң бақылауда.

РКС: Көкшетаудағы Бірлік шағын ауданында орналасқан 22 мектептегі төтенше жағдай бірден қалыпқа келтірілді. Ал жалпы алғанда ақмолалықтар жанын шүберекке түйіп отыр. Себебі, аймақта күн күрт жылып, 16 ауданда 150-ден астам үйді су басуы мүмкін. Ерейментау және Целиноград аудандарына қауіп тіпті басым. Қазір өңірде тасқынның алдын-алу үшін арнайы штаб құрылды. Су басу қаупі бар ауыл-аймақтар басты назарда. Аймақтарда 60-қа жуық арық тазаланды. Қар шығару жұмыстары қыза түскен.

СНХ: ОЛЕГ МАЛЮК, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ: Ақмола облысында жыл сайын су басу қаупі жоғары. Қазіргі уақытта Целиноград, Аршалы, Жарқайың аудандарында және Қосшы, Көкшетау қалаларында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. 65 мың текше метрден астам су сорылды. Аймақта мониторингтік топтар құрылды. Күнделікті шығып, коммуналдық қызметтердің жұмысын тексереміз.

РКС: Табиғат апатына қарсы 3 мыңға жуық құтқарушы жұмылдырылуда. Су жайылу қаупі бар аймақтарға 95 мыңнан астам қап құм төселді.

СНХ: АННА БРОННИКОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: Сәуірдің алғашқы күнінен бастап күндіз ауа температурасы күрт көтеріледі деп болжап отырмыз. Жауын-шашын да болады. Ол өз кезегінде тасқын судың көбеюіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге өзен деңгейі де біршама көтеріледі. Өйткені мұз жаппай ериді. Біз қдайы ақпараттық хабарлама жіберіп отырамыз.

РКС: Облыс аумағында қауіп үдемесе, сейілген жоқ. Себебі, таулы аймақтарда қар қалың жатыр. Ал оның үстіне жауын-шашын болса, тасқын болуы әбден мүмкін.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ