ДИКТОР: Облыс аумағында электрмен, сумен жабдықтау желілерінің әбден тозғаны жеткен. Осыған орай шартты «қызыл» аймақтағы, яғни, тозығы жету көрсеткіші ең жоғары аймақтардағы субъектілерге тариф құны өзгертілді. Бұл туралы облыстық табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысының баяндамасынан белгілі болды.

РКС: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тариф белгілеудің ашықтығын қамтамасыз ету және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануын бақылауда ұстау қажеттігін атап өткен болатын. Сондықтан, тарифтердің жоспарланып отырған өзгерістерін жария талқылауға және халықпен кері байланыстың тиімді тетіктерін енгізуге бағытталған ережелер заңнамалық тұрғыдан бекітілген.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 2022 жылғы тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есептерге талдау жүргізу шеңберінде 1миллиард 607 миллион теңге мөлшерінде орындамау сомасы анықталды. Оның ішінде жылумен жабдықтау 1 миллиард 103 миллион теңге, электр энергиясын беру 19 миллион 101 мың теңге, сумен жабдықтау 353 мың теңге, кірме жолдар - 5 миллион 548 мың теңге. Бұл сумма тұтынушыларға уақытша өтемақы тарифін енгізу немесе тарифтің кіріс бөлігінен ұсынылған өсімнің төмендеуіне алып қою жолымен қайтарылады.

РКС: Облыс аумағында электрмен жабдықтау желілерінің тозғаны жасырын емес. Сумен жабдықтау желілерінің жағдайы да мәз емес. Қолданыстағы желінің тең жартысы жарамсыз. Су бұру және жылумен жабдықтау желілерінің де тозығы жеткен. Осыған байланысты, "Инвестицияларға айырбастау тарифі" жаңа тарифтік саясатын іске асыру мақсатында департамент өткен жылдың 1 шілдесінен бастап шартты "Қызыл" аймақтағы субъектілерге тарифтерді өзгертті.

СНХ: АСЫЛБЕК ҚУАНДЫҚҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: 2023 жылы Ақмола облысында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілеріне 1 миллиард 243 миллион 291 мың теңге сомасына инвестициялық бағдарламалар ұлғайтылды. 2024 жылы "Инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы шеңберінде шартты "қызыл" және "сары" аймақтардағы инвестициялық бағдарламалар 5 миллиард 136 миллион 501 мың теңге сомасына ұлғайтылды.

РКС: Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізуді көздейтін тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізді. Олар ағымдағы жылдың 11-ақпанынан бастап күшіне енді. Бұл өзгерістер жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында және жеке тұлғалардың жалпы алаңының мөлшерін ескере отырып, жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде көзделген,-дейді сала мамандары.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК КӨКШЕ АҚПАРАТ