ДИКТОР: Жергілікті атқарушы органдар көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындықты үдете түсті. Соңғы күндері жаппай еріген қар суы біраз өңірді абдыратқаны шындық. Астрахан ауданында былтыр жүргізілген талдау жұмыстары барысында жағалау аймағы мен өзен арнасының бойында орналасқан елді мекендерді су басу ықтималдылығы жоғары екендігі анықталды. Астрахан ауданы бойынша 9 елдімекенге қауіп төніп тұр.

РКС: 2017 жылы Ескі Колутон, Ягодное, Колутон, Жалтыр, Жаңа тұрмыс, Қоскөл және Жаңа Колутон ауылдарында 107 үй су астында қалды. Қауіп сейіле қойған жоқ. Сондықтан жергілікті билік су тасқынының алдын алуға қатысты жұмысты үдете түсуде. Елді мекендерден 37 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бүгінде елдімекендерге инертті материалдар жеткізілді. Шұғыл шығындарға 16 млн. теңгеден астам қаражат қарастырылған.

СНХ: РУСЛАН МҰҚАНОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аудан әкімдігі биыл жергілікті бюджеттен төтенше жағдайлардың алдын алуға және оның зардаптарын жоюға 8 миллион теңгеден астам қаржы бөлді. Оған жанар-жағар май, инертті материалдар мен 4 мың дана қап сатып алынды.

РКС: Астрахан ауданында кептелістерді жоюға байланысты жару жұмыстары жалғасуда. Аудан аумағында гидротехникалық 5 құрылыс бар. Соның бірі Қызыл Жұлдыз бөгеті. Ол қазір апатты жағдайда. Оны жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Қазір ол мемлекеттiк экологиялық сараптамада жатыр. Су тасқыны орын ала қалған жағдайда бөгет транзиттік режимге көшіріледі.

СНХ: РУСЛАН МҰҚАНОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ақмола облысындағы елдімекендерді инженерлік қорғау жоспарына сәйкес,өткен жылы көктемде тасқын су басу қаупі бар 5 ауылда арнайы жұмыстар жүргізілді. Зеленое ауылында ұзындығы 600 метр ауылішілік автожол арқылы тасқын судың өтуін арттыру үшін табиғи арықтарды тазарту және тереңдету жұмыстары іске асырылды. Ал Ягодное ауылына 300 метр кіреберіс автожол жиегін нығайту және ойықтарды жабу жұмыстары жүргізілді.

РКС: Көктемде аудан әкімдігі 140-қа жуық мамандандырылған, инженерлік, су сорғыш, эвакуациялық және қосалқы техника тартылды. Аудан аумағында су тасқыны болуы ықтимал кезеңде 700-ге тарта адамға шақталған 10 арнайы орын жасақталып жатыр. Биік жоталы жерлерде малдарды уақытша қамау орындары да дайындалған.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ