ДИКТОР: Былтыр Арқалық педагогикалық институтын тәмамдаған жас маман Батырбек Нәбиев «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша Аршалы кентіндегі Жұмабек Тәшенов атындағы орта мектепке дене тәрбиесінің мұғалімі болып келді. Қысқа мерзімде ол шәкірттерін спорттың бірнеше түріне баулып, волейболшыларды аудандық жарыста жеңімпаздар қатарына қосты.

РКС: Волейболшылар жаттығуы аптасына 4 рет мектептің кең де жарық спорт залында өтеді. Спорттың осынау қиын да қызықты әрі әдемі түрін дамытуға мүмкіндік жасалған. Мектеп командасы арнайы спорттық киіммен де қамтамасыз етіледі.

СНХ: БАТЫРБЕК НӘБИЕВ, БАПКЕР-ҰСТАЗ: Жарты жылдан бері Жұмабек Тәшенов атындағы мектепте дене тәрбиесінің мұғалімі және волейболдан бапкер болып жұмыс істеймін. Мектеп директоры Гүлнәр Мыразабайқызының ұсынысымен волейбол үйірмесіне ұлдар мен қыздар көптеп тартылды. Бүгінгі таңда 25 қыз бен 20 ұл бала волейболдың қыр-сырын үйреніп жүр. Жергілікті жарыстарда жеңіске жеттік. Аудандық, облыстық сайыстарға үстіміздегі жылы бірнеше мәрте барамыз.

ИНТЕРШУМ: жаттығудан көрініс

STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Волейбол алаңында жаттығулар үзбей өткізілуде.

СНХ: ГҮЛНҰР ЫСҚАҚОВА, ВОЛЕЙБОЛШЫ: Бізге Батыр ағай жаттығу кезінде волейболдың небір әдіс-тәсілдерін үйретеді. Мен команданың пас берушісімін. Яғни, алдыңғы шепте ойнаймын.

СНХ: МӨЛДІР ЖАСҰЛАН, ВОЛЕЙБОЛШЫ: Волейбол маған өте ұнайды. Спорттың өте әдемі түрі. Батыр ағайға алғысымыз шексіз. Ол бізге волейболдың сеткасын сезінуді, допты ұрудың әдісін, техникасын үйретіп жатыр. Алда жауапты жарыстар бар.

РКС: Мектеп волейболшыларының мақсаты жаттығу сайын шеберлікті шыңдап, алдағы жарыстарда жеңіске жету.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН САҒЫН, КӨКШЕ АҚПАРАТ