ДИКТОР: Өткенді білмей, болашақты болжау қиын. Мәлі Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының курсанттары облыстық мемлекеттік архив ұйымдастырған тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарына арналған көрмеге қатысты. Шара барысында зиялы қауым жастарға 1954-1956 жылдардағы қиыншылықтарды айтты. Елде ас атасы нанның қандай еңбектің арқасында өсірілгені баяндалды.

РКС: 1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Ресей, Беларусь және Украинадан 10 мыңнан астам адам Ақмола облысына қоныс аударған. Өз еркімен келген жастар тың игеруге елеулі үлес қосты. Ақмолалық Надежда Хамдиеваның ата-анасы сол жылдары ел игілігі үшін еңбек еткен.

СНХ: НАДЕЖДА ХАМДИЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Анам осында дүниеге келді, өмір бойы фермада бұзау қараушы болды. Әкем 44 жылы Кавказдан Қазақстанға қоныс аударған. Олар бар өмірін елдің өркендеуі үшін арнады, аянбай еңбек етті. Сондай-ақ, менде тың игеру жылдары Украинадан келген адамдармен танысуға мүмкіндік болды. Олар Чита Лазинских, Надежда Семеновна мен Михаил Павлович. Олар бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданындағы совхозда еңбек етті.

РКС: Тың игеру жылдарында сан ұлттың өкілі жік-жікке бөлінбей, бәрі үлкен жауапкершілікті сезініп, елдің ертеңі үшін аянып қалған жоқ. Егін екті, бала өсірді, үй салды.

СНХ: ӘСЕМ ӘЛДИБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Жастар алғаш келген сәтін осы фото-құжаттан білуге болады. Міне, бұл біздің Ақмола вокзалында Алматы қаласынан келген алғашқы тың игерушілер. Олар келген кезде осындай шатырлар тұрған Есіл ауданында. Кейінірет осы шатырлар үлкен совхоздарға айналды. Алғаш тың игеру жылдары 27 астық совхозы құрылса, кейін олардың саны 77-ге дейін өсті. Көптеген жастар тың игеру жылдары біздің совхозға келіп, біздің елде қалған. Қазақстанды екінші Отаны ретінде санап, отабсылы болған.

РКС: Биыл тың және тыңайған жерлердің игерілгеніне 70 жыл. Бұл науқан – Кеңес Одағының құрамына енген елдерге ортақ оқиға. Сондықтан оны кейінгі ұрпақ жадында ұстап, аға толқынның ұзақ жыл жинақтаған этносаралық бай тәжірибесін жоғалтпай, одан сабақ алуы тиіс.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ