ДИКТОР: Облыста ерекше білімге қажеттілігі бар 11 мыңнан астам бала бар. Олардың тең жартысына жуығында сөйлеу қабілеті бұзылған. Қазіргі таңда арнайы 5 мектеп-интернат, 4 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық, 20 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері жұмыс істейді. Айта кетерлігі, биыл тағы 30 кабинет ашу жоспарланған. Басты мәселе, мамандардың тапшылығы. Оның ішінде, логопедтер мен дефектологтардың жетіспеушілігі байқалуда.

РКС: Білім беру қызметінің сапасы мен түзету жұмыстары тікелей кәсіби мұғалімдерге байланысты. Биылғы оқу жылында арнайы білім беру ұйымдарына 33 маман жұмысқа тұрды. Оның ішінде 11-і жас педагогтар.

СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылы білім беру ұйымдарының 61 объектісінде бейімдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында кедергісіз білім беру және физикалық ортаны құру және жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.

РКС: Кадр тапшылығын шешу мақсатында білім басқармасы "Дефектология"мамандығына түсетіндерге облыс әкімінің грантын тағайындауға қатысты жұмыс жүргізуде. Өткен жылы "Арнайы педагогика" бойынша кадрлар даярлауға 15 грант бөлінген. Дегенмен, бұл мамандық бойынша өтінімдер келіп түскен жоқ, - дейді мамандар. Инклюзивті білім беруде бірдей мүмкіндіктер болуы шарт. Жаңа кабинеттерді ашқаннан соң мектерптерде тьюторларды енгізген жөн.

СНХ: АЙСҰЛУ ШАЯХМЕТОВА, - Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ: Инклюзивті білім дегеніміз бұл бірдей берілетін мүмкіндер. Инклюзивті білім беру саласына келетін болсақ, бұл ең алдымен пәнаралық және дефектологтардың, логопед мамандарынан тұратын жиынтық тәсіл. Бұл мамандар мектептегі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тікелей жұмыс істейді. Олардың нақты диагнозын біледі. Әлеуметтік жағдайын бақылайтын болады. Сонымен қатар, оқушылардың мүмкіндіктеріне баға беріп, интеллектуалды және медициналық, әлеуметтік моделіне сәйкес, оқушыны бағыттап отырады.

РКС: 2025 жылы инклюзивті білім беруді қолдайтын ресурстық 60 кабинет ашу жоспарлануда. Болашақта оларға да мамандар қажет болады. Айта кетейік, алдағы уақытта өңірдің жоғары оқу орындарында мұндай кадрлар даярлау үшін жеке факультет ашу мәселесі қаралмақ.

МАҚПАЛ ЕРҒАЛИЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ