ДИКТОР: Өңірдің құқық қорғаушылары ұлттық қазақ күресінен ұйымдастырылған чемпионатта күш сынасты. Осылайша, облыстық полиция департаменті мен басқа да құқық қорғау ведомстволарының қызметкерлері дәстүрлі «Полиция барысы» чемпионатын өткізді.

РКС: Дәстүрлі чемпионатқа 125 тәртіп сақшысы қатысты. Олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, спорт шеберлігіне үміткерлер, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерімен бұрыннан бері айналысып жүрген қызметкерлер болды. Барлығы 22 команда: департамент аппаратының, төтенше жағдай, экономикалық тергеу департаментінің, 5510 әскери бөлімнің және полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінің намысын қорғады.

СНХ: АРДАҚ МӘДИМҰХАМЕТОВ, ЧЕМПИОНАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Сәуір айында Щучинск қаласында Ішкі Істер Министрлігінің арасында чемпионат өтеді. Сол чемпионатқа бүгін іріктеу өтті. 125 қатысушы болды. Оның арасында 1 халықаралық дәрежедегі спорт шебері болды. Үш спорт шебері және спортшы спорт шеберіне үміткер.

РКС: Турнирдің басты мақсаты – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің физикалық дайындықтарын жетілдіру, салауатты өмір салтын насихаттау және әрине, кіл мықтының ішінде кім мықтыны анықтау. Қатысушылар бес салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Ең жеңілдері 66 килограмм болса, ауыр деген палуандардың салмағы 90 килограммнан жоғары болды.

СНХ: МАРҒҰЛАН АЙТМАҒАМБЕТОВ, ЧЕМПИОНАТ ЖҮЛДЕГЕРІ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕРГЕУШІСІ: Осы чемпионатта 5 белдесу жүргіздім. Бес белдесудің төртеуінде жеңіске жеттім. Өкінішке орай, финладық белдесуде Ақмола облысы подиция департаментінің спортшысына есе жібердім. Тағы да мықты болып, ендігі жылы келеміз.

РКС: Бозкілемге шыққан әр қатысушы жауырынын жерге тигізбеуге тырысып бақты. Тартысты чемпионаттың нәтижесінде, Көкшетау қаласы полиция департаментінің спортшылары қола жүлдегер атанса, төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің намысын қорғағандар екінші саптан көрінді. Ал, полиция департаментінің командасы бірінші орынды қанжығалады. Өз салмақ дәрежесінде жекелей жеңіске жеткендерге де медальдар мен грамоталар табысталды.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ