ДИКТОР: Ұршық иіру қазақ халқының ертеден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Көкшетауда бұл ұлы өнер түрін жаңғырту мақсатында дөңгелек үстел басындағы кездесу өтті. Оған қыз-келіншектермен қатар мектеп оқушылары да белсене қатысты.

РКС: Облыс орталығында ұлттық құндылықты ұлықтау мақсатында "Сиқырлы орам жіп" клубы құрылған. Саналы тәрбие мен салт дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін әртүрлі шеберлік сағаттар да ұршық иірудің қыр-сырын үйретеді.

СНХ: ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, ШАРАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Бұрын ұршықпен иіріп, тоқыма тоқып, жаңағы текемет, сырмақ барлығы сол ұжыммен қол жұмыстары атқарылды ғой. Соңы жаңғырту ретінде осы әжелерімізді шақыртып, балаларға ұршық иіруді үйретейік. Соңы ары қарай көрсетейік деп. Бірінші көргенде қыздар қызықты. Бұл не деп қызығып сұрайтын. Енді соңы әрі қарай жалғастырып, үйретемін.

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бұрындары әжелеріміз ешкінің жүнін қырықпай-ақ, тарақпен тарау арқылы түбеттерді жинап алатын және оларды ұршықпен үйіріп түрлі қолғап, күртешелер, ормалдар тоқитын. Қала тұрғыны Кенжебай Смағұлқызы бос уақытында түрлі бұйымдарды тоқығанды ұнатады. Қанша шаршаса да ұршық өнеріне деген құштарлығы басым.

СНХ: КЕНЖЕБАЙ СМАҒҰЛ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен осы қолөнермен 10 жасымнан бастап айналысамын. Қазір жасым 80-ге келсе де қол өнер қолымнан түскен жоқ. Ата-мұра кәсіпкерді жалғастырып келе жатырмын. Оның үстінде осы балалар көрсін, соңғы жас буындар көріп үлгі тұтсын деген ниетпен жұмыстың әртүрін жасаймын. Мысалы айтқанда, мінекей кигізден киім жасау. Міне балалардың киімін жасау, мынадай әйел адамдарға басына киетін тымақ. Сосын міне ши ораулар. мынау біздің Көкшетауымыздың эмблемасы. Ши орай деген - қазағымыздың ұлттық дүниесі ғой.

ИНТЕРШУМ: ақ жаулықты әжелердің ұршық иіруді үйретуден фрагмент

STAND-UP: ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ТІЛШІ: Бір қызығы Еуропа елдерінде жүйкесі сыр беріп, депрессияға ұшыраған науқастарды емдеу үшін тоқыма тоқу тәсілі кең қолданылады екен. Себебі, тоқу жұмысы миды демалтып, шаршағанды басады. Сондай-ақ, қан қысымының төмендеуіне септігі орасан. Мамандардың айтуынша, оның тигізер септігі йогамен айналысқанмен бірдей екен.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ