ДИКТОР: Кеше Ақмола облысының 8 ауданында қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. 6 ауылдық округте және 1 қала мен 3 ауылда тұрғындар өз таңдауын жасады. 29 үміткер сайлауға түсті. Оның 7-уі "AMANAT" партиясынан, ал қалған кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар мен мемлекеттік қызметкерлер. Саяси науқан қалай өтті? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Бұл Біржан сал ауданына қарасты Қоғам ауылының орта мектебінде орналасқан №253 сайлау учаскесі. Таңғы 7-ден бастап тұрғындар дауыс беруге атсалысты. Жоспар бойынша бұл учаскеде 130 адам дауыс беруі тиіс. Сайлау комиссиясының мүшелері науқанға ерекше дайындалған. Тіпті арнайы киім де тіктіріпті.
СНХ: СӘНИЯ ШӘРІПОВА, №253 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Сайлау тәртіппен өтіп жатыр. Бір жарым сағаттың ішінде 25 пайыз адам дауыс беріп кетті. Өте белсенді жүріп жатыр жұмысымыз. Ауыл тұрғындары дұрыс таңдау жасайды деген үміттеміз.
РКС: Науқанға қатысқан тұрғындар қалаған үміткеріне дауыс беріп, өз таңдауын жасады. Олар жеңіске жеткен әкім елдімекеннің көркейіп, дамуына аянбай тер төгеді деген үмітте. Аудан бойынша 22 мыңнан астам сайлаушы бар. Соның 9 мыңға жуығы дауыс берген.
ИНТЕРШУМ:
- Келіп өзіміздің таңдауымызды жасаудамыз. Сол таңдаған адамымыз елдің көркеюіне үлес қосады деп ойлаймыз.
- Сайлауға келдім, өз таңдауымды жасадым. Еліміздің өсіп, өніп, көркеюіне әкеледі деп сенемін.
РКС: Сайлау қорытындысы бойынша Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылдық округінің әкімі болып Ақмарал Ағыбаева сайланды. Бұл үміткерге тұрғындар 134 адам дауыс берген. Ал, 722 дауыспен Біржан сал ауданына қарасты Макинка ауылдық округінің әкімі болып Өміртай Жомартов, Макинск қаласының жаңа әкімі Азамат Алдабергенов сайланды. Оған 1560 сайлаушы дауыс берді. Шымболат Исмағамбетовты сайлаушылар Капитоновка ауылдық округінің әкімі қызметіне лайық деп таныды. Егіндікөл ауданына қарасты Егіндікөл ауылының 945 тұрғыны Марат Қарабұзауовқа дауыс берген. Жақсы ауданына қарасты Подгорное ауылының әкімі болып Гүлбану Мәжитова сайланды. Сандықтау ауданына қарасты Жамбыл ауылдық округінің 295 тұрғыны Зинулла Исмағұловқа дауыс берді. Ал, Широковский ауылдық округінің әкімі болып Дарья Ысқақова сайланды. Оған 220 адам дауыс берді. Целиноград ауданына қарасты Жырлыкөл ауылдық округінің әкімі болып Арай Смағұлова сайланды. Шортанды ауданындағы Жолымбет ауылының 800-ден астам тұрғыны Дүйсенбай Теміржановқа дауыс берген.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ