ДИКТОР: Жаңа Конституция жобасы – ел болашағына бағытталған заманауи әрі маңызды құжат. Биыл қабылданатын бұл Ата заң Қазақстанның тұрақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз ететін берік стратегиялық құжат болмақ. Бұл бастамаға ақмолалық ұстаздардың көзқарасы қандай? Тілші баяндайды.
РКС: Құжатта елдің болашағы білімге, ғылымға, инновацияға және адам капиталына негізделуі керек екені көрсетілген. Еліміздің табысы енді табиғи ресурстарға емес, азаматтардың біліміне, кәсіби шеберлігіне және зияткерлік әлеуетіне тікелей байланысты болатыны атап өтілді. Осы орайда, еліміздің әр өңірінде зиялы қауым және қоғам белсенділерімен қатар, ұстаздар қауымы да жаңа Ата заңға қатысты өз ой-пікірлерін білдіруде.
СНХ: МӘДИЯР БОРАМБАЙ, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Жаңа Конституцияда білім мен ғылым мемлекеттік саясаттың өзегі ретінде бекітіліп, инновациялық даму негізгі бағыттардың біріне айналды. Өнертабыстар мен авторлық құқықты қорғау күшейтіліп, шығармашылық пен жаңашыл бастамаларға кең жол ашылады. Бұл жөнінде жас тарихшы ретінде айтарым бұл Конституция бүгінгі күн үшін ғана емес, келешек ұрпақ үшін қабылданатын құжат дегім келеді. Ол білімге, технологияға және тең мүмкіндіктерге негізделген Әділетті Қазақстанның берік іргетасын қалайды.
РКС: Ата Заңға енгізілетін өзгерістерді шешетін – халық. Алдағы өтетін жалпыхалықтық референдумның мәні де осыда. Әр азамат елдің болашағы мен келешек ұрпаққа қалатын мемлекеттің тағдырында тікелей жауапкершілікке ие болады,-дейді мамандар.
СНХ: АРМАН ӘБІЛҚАДЫРОВ, С.ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Тарихты тұлғалар жазады дейді, бірақ мемлекеттің тағдырын Халық шешеді. Енді Конституцияға өзгеріс енгізудің жалғыз жолы - Жалпыхалықтық референдум. Бұл - билік пен жауапкершіліктің нақты халықтың қолына өтуі. Біз бүгін келешек ұрпаққа қандай ел қалдырамыз деген сұраққа жауап беріп отырмыз. Бұл - біздің балаларымыз ертең еркін, әділ және қауіпсіз қоғамда өмір сүруі үшін жасалған тарихи келісімшарт.
РКС: Тағы бір маңызды тарихи-әлеуметтік қадам - неке мәртебесін айқындау. Конституцияда неке ер адам мен әйел адамның ерікті және тең құқықты одағы екені туралы ереже енгізілді. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі отбасы институтын ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған нық қадам.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ